Қазақстандықтар электрлі самокаттарды қандай мақсатта пайдаланады
Жалға алынған самокаттармен сапарлаудың орташа уақыты 15 минутты құрайды.
Қазақстандықтар жалдамалы электрлі самокаттарды көбіне-көп жұмысқа немесе фитнес орталығы секілді белгілі бір жерге жетіп қалу үшін пайдаланады. Елімізде кикшеринг дамығалы бері азаматтарымыз жеке көліктерін қойып, электрлі самокатпен жүретін болды, деп мәлімдеді Whoosh-тың халықаралық коммуникациялық жөніндегі жетекшісі Даниил Капцан.
«Сапарлау орташа алғанда 15 минутты құрайды, бұл өте қысқа сапар. Қала тұрғындары электрлі самокаттарды серуендеу құралы емес, көлік ретінде пайдаланады, яғни үйіне қайтқанда көлік торабына дейін, фитнес орталығы немесе жұмыс орнына жету алу үшін жиі, сөйте тұра өте қысқа қашыққа пайдаланады. Оны көлік ретінде пайдаланушылардың үлесі 78%-ды құрап отыр. Клиенттеріміздің үштен екісі Whoosh-қа тіркелгендер, бұл олардың жиі сапарлау барысында ақша үнемдеуіне мүмкіндік береді», — деді Даниил Капцан CARMA.KZ-ке берген сұхбатында.
Ол ұзындығы 3-5 шақырымнан аспайтын, «А» нүктесінен «Б» нүктесіне дейінгі аралық — көлік сапары болып саналатынын түсіндіріп өтті. Яғни, клиент электрлі самокатты серуендеу немесе демалыс үшін емес, жеке шаруасымен, жұмысына немесе сабаққа жетіп алу үшін жалға алып отыр деген сөз.
Whoosh кикшерингтік сервисі Қазақстанда 2022 жылдың жазында пайда болды. Қазір ол Астана мен Алматыда қызметін ұсынып отыр. Бір маусымға толар-толмас уақыт ішінде қазақстандықтар олардың самокаттарымен 1 млн-нан артық сапар жасап үлгеріпті. Бұл туралы Даниил Капцанның CARMA.KZ-ке берген сұхбатынан кеңірек оқуларыңызға болады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
21.11.2022, 12:58