Меню CARMA.KZ

Әлемдегі сутегімен жүретін көліктер нарығының тең жартысы Hyundai-ға тиесілі

Бір жыл ішінде сутегімен жүретін көліктердің саудасы 10%-ға өсті.

Әлемдегі сутегімен жүретін көліктер нарығының тең жартысы Hyundai-ға тиесілі / Фото: hyundainews.com
Әлемдегі сутегімен жүретін көліктер нарығының тең жартысы Hyundai-ға тиесілі / Фото: hyundainews.com

SNE Research мәліметтері бойынша, 2022 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін әлем бойынша 14,4 мың сутек қозғалтқышты автомобиль сатылды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 10,1%-ға артық.

Кореялық Hyundai бренді Nexo моделін сутегі қозғалтқышымен шығарады. Оның саудасы өткен жылмен салыстырғанда, биылғы 9 айда төрттен бірге өсіп, 8,45 мың данасы сатылған.  

2022 жылы 2,6 мың сутегі көлігін сатқан Toyota бренді екінші орында тұр. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырсақ, бір жарым есеге аз. Сауданың төмендеу себебі — микрочиптердің жетіспеушілігі.

Осыған дейін BMW сутегі қозғалтқыштарын электрлі қозғалтқыштарға қарағанда, артық санайтынын мәлімдеген. Сондықтан компания дәл осыған бет бұрмақшы. Осы тамызда компания сутегі қозғалтқышы бар iX5 жол талғамайтын көлігінің өндірістік нұсқасы үшін, отын жүйелері элементтерін шығара бастады. Бұл көлік АҚШ-та келесі 5 жыл ішінде сатылады деп жоспарланып отыр. Осы жылдың соңынан бастап BMW Еуропаға, АҚШ-қа және Азияға кем дегенде 100 iX5 сутегі көлігін жеткізе бастайды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
07.11.2022, 15:34