Меню CARMA.KZ

Ең бастысы — қауіпсіздік: Қазақстанда мектеп автобустары қалай шығарылады

QazTehna кәсіпорны 2020 жылы желтоқсанда жұмысын бастады, ол кезде ірі тораптық құрастыру цехы іске қосылды.

Ең бастысы — қауіпсіздік: Қазақстанда мектеп автобустары қалай шығарылады / Фото: CARMA.KZ
Ең бастысы — қауіпсіздік: Қазақстанда мектеп автобустары қалай шығарылады / Фото: CARMA.KZ

Қазақстанда мектеп автобустарына қажеттілік жоғары. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, білім беру мекемелеріне 700-ден астам арнайы көлік қажет.

Еліміздегі мектеп автобустарын QazTehna компаниясы шығарады. Кәсіпорын Саран қаласындағы (Қарағанды облысы) өнеркәсіптік аймақ аумағында орналасқан. Қолданыстағы өндіріс алаңы 39 мың шаршы метрді құрайды, резервте қосымша 45 мың шаршы метр аумақ қарастырылған.

Зауыттағы көлік құралдары ірі тораптық (SKD) және шағын тораптық (CKD) құрастыру тәртібінде шығарылады. Қазір кәсіпорынның максималды қуаты 1,2 мың автобус пен 500 бірлік коммерциялық техниканы құрайды.

Фото: CARMA.KZ
Фото: CARMA.KZ

2020 жылдың желтоқсанында кәсіпорын өз жұмысын бастады. Ол кезде ірі торапты құрастыру цехы іске қосылған болатын. 2021 жылдың сәуірінде, алты айдан кейін, шағын торапты әдіспен өндіріс цехы жұмысын бастап кетті. Инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд теңгені құрайды, оның 12,1 млрд теңгесі игерілген.

2022 жылы 285 мектеп автобусын және қосымша 700 бірлік өзге де көлік құралдарын шығару жоспарланып отыр. QazTehna модельдік қатарында қалалық, туристік, мектеп және қалааралық автобустар, сондай-ақ жүк көліктері бар. Әрі бұл көлік құралдары дизель, бензин, газ және электр қозғалтқыштары түрлерінде де шығарылады.

Бар болғаны екі өндіріс цех пен модельдік қатардың молдығына қарамастан, зауыт бір көлік құралынан екіншісіне тез ауысу алады.  

Өндірістің алғашқы кезеңінде метал құрамдастарды дәнекерлеу / Фото: QazTehna
Өндірістің алғашқы кезеңінде метал құрамдастарды дәнекерлеу / Фото: QazTehna

«Зауыттың қуатын мектеп автобустарынан электрлі автобустар шығаруға ауыстыру қиын емес. Біздің дәнекерлеу цехымыз Yutong-тың кез келген моделіне, соның ішінде 12 метрлік автобустарға арналған. Яғни оның өлшемдері, саңылаулар мен геометрия, бәрі автоматты түрде реттеледі», — деп түсіндірді QazTehna өндіріс бастығы Александр Мизгулин CARMA.KZ әңгімесінде.

Бояу аймағына автобустар осындай күйде жеткізіледі / Фото: QazTehna
Бояу аймағына автобустар осындай күйде жеткізіледі / Фото: QazTehna

Мектеп автобустары ұсақ тораптық құрастыру (дәнекерлеу және бояу) әдісімен шығарылады. Оларда төрт нүктелі қауіпсіздік белдіктері, орындықтардың әр қатарында тоқтау дабылының түймесі, бүйірлік соқтығысу жағдайында жолаушылар қауіпсіздігі үшін еденнің жоғары деңгейі, мектеп рюкзактарын қоюға арналған сөрелер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдауға арналған тартылатын пандус және жолаушылар аймағындағы бүйірлік терезелердің дизайны биіктігі бойынша төменгі бөліктің кем дегенде жартысына жабық етіп жасалған.

«Мектеп автобустарының ұзындығы 7,5 метр, сыйымдылығы балаларға арналған 20 орындық, жүргізуші мен еріп жүруші үшін тағы 1 орын қарастырылған. Мектеп автобусы негізінде қауіпсіздігі арттылған болып шығарылады. Оларда күшейтілген конструкция мен бамперлар бар», — дейді Александр Мизгулин.

Боямас бұрын автобустың шанағы тегістеліп, қырналады / Фото: CARMA.KZ
Боямас бұрын автобустың шанағы тегістеліп, қырналады / Фото: CARMA.KZ

Сондай-ақ, кәсіпорында жергілікті көлік құралдарын жерсіндіру деңгейі туралы айтылды. Қазір бұл көрсеткіш мектеп автобустарында шамамен 30%-ды құрайды. Алайда Qaztehna-да жергілікті өндірістің құрамдастарын жерсіндіру және орнату деңгейін арттыру жоспарлары бар.

Автобусты бояу процесі, осыдан соң техниканы кептіру цехына жөнелтеді / Фото: QazTehna
Автобусты бояу процесі, осыдан соң техниканы кептіру цехына жөнелтеді / Фото: QazTehna

Бұл іс-шаралар шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді. Олардың біріншісі 2023 жылы, екіншісі 2024 жылы, ал үшіншісі 2025 жылы басталады.

Бірінші кезеңде отандық өндірістегі орындықтар мен аккумуляторларды, екінші кезеңде — дискілерді, дөңгелектер мен шығару жүйелерін, үшінші кезеңде — дизайн, сымдар бұраулары мен шыныларды орнату жоспарланған.

Құрамдастары толықтай орнатылып болған соң автобус осындай күйге енеді / Фото: CARMA.KZ
Құрамдастары толықтай орнатылып болған соң автобус осындай күйге енеді / Фото: CARMA.KZ

Сондай-ақ, кәсіпорында дайын автобустарды ақауларға тексеру цехы бар. Мысалы, герметикалық бақылау камерасы орнатылған. Яғни автобус шанағына қысыммен су ағындары беріледі, салон судың бар жоғын тексереді және қажет болған жағдайда техника ақауларды түзетуге жіберіледі.

Автобустың герметикалығын тексеру сәті / Фото: CARMA.KZ
Автобустың герметикалығын тексеру сәті / Фото: CARMA.KZ

Бұл цехта тереңдігі 30 сантиметр болатын «бассейн» орнатылған. Автобус жоғары жылдамдықпен жүріп өткеннен кейін, оның төменгі бөлігінің тығыздығы тексеріледі.

«Бассейн» дегеніміз осы /  Фото: CARMA.KZ
«Бассейн» дегеніміз осы / Фото: CARMA.KZ

«Біздің цехта ақауларды анықтау үшін арнайы учаске бар. Ақау табылған жағдайда, сол жерде жойылады», — деп түсіндірді Александр Мизгулин.

Бұған дейін QazTehna өкілдері CARMA.KZ редакциясына, 2022-2023 жылдар ішінде еліміздің өңірлерінің білім басқармаларына 300-ге жуық мектеп автобустарын беру жоспарланып жатқанын айтқан. Осындай қажетті техниканы Ақмола облысының мектептері алды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
16.10.2022, 17:35