Меню CARMA.KZ

Ақмола облысының шаруаларына сапасыз дизель жеткізген

Оларға қысқы отынның орнына жазғысы жеткізілген.

Ақмола облысының шаруаларына сапасыз дизель жеткізген / Фото: pixabay.com
Ақмола облысының шаруаларына сапасыз дизель жеткізген / Фото: pixabay.com

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері жиын-терім науқаны кезінде дизель отынын жеткізуде туындаған мәселелері туралы айтып берді. «Вишнев мұнай базасы» ЖШС басшысы Владимир Бехтольдтың сөзінше, компания қысқы отынның орнына Қазақстанның солтүстік өңірінің ауа райына жарамайтын жазғы түрін алған.

Осының салдарынан температура нөл градусқа жақындағанда отын қоюланып қалады. Көптеген шаруалар отын жеткізу ақысын алдын ала төлеп қоятындықтан, шығын шегеді.

«Sana Petroleum» ЖШС директоры Қайрат Құлжабаев мұнай базасынан жанар-жағармай материалдарын жеткізулерде жүк көлемінің жетіспеушілігі әдетке айналғанын айтады. Яғни жанар-жағармай май тиелген вагондар толық толтырылмайды, ал шаруалар үлкен көлемдер үшін төлеуге мәжбүр.

«Тамыз айында бізге 650 тонна берді, бірақ нақты 582 тиеді. Белгілі бір ережелерді бекіту қажет, әйтпесе жүкті тиеген соң өздерінен жауапкершілікті алып тастайды да шоттарды жылдам ұсынады, ал біз оларға толық құнын төлеп қоямыз. Көпшілігі өте төмен, тіпті жағымсыз маржамен жұмыс істейді. Біз тиісті көлемнің 10%-ына дейін толық толтырылмаған вагондарды алып жатамыз, вагонның бекітілген ережесі 65 тонна көлемінде болса, 58-59 тонна құйылады», – деді Қайрат Құлжабаев.

«Атамекен» КҰП маневрлік вагондарды 20 сағатқа дейін кешіктіріп ұсынуға байланысты отын жеткізудің ұзақ мерзімге созылуы шаруалардың жұмысына кесірін тигізеді. Ал жеткізушілерге отын тиеуге бар болғаны 48 сағат уақыт берілетінін атап өтті.

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша, биылғы күзгі алқап жұмыстарына 83 мың тонна отын бөлінген, қазір Павлодар МӨЗ-інен – 37 мың тонна, Шымкент МӨЗ-інен 46 мың тонна отын тиеу жүріп жатыр.

МӨЗ-дің сату бағасы 1 тоннасына 222 теңге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін түпкілік құны 1 литрі үшін 218 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, дизель отынының бөлшек саудасы әлдеқайда жоғары. Ол Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында литріне 260 теңге болса, қалған өңірлерде 230 теңге тұрады.

2022 жылдың шілдесінде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиын-терім жұмыстары кезінде туындайтын дизель тапшылығы мәселесін көтерді. Оның сөзінше, көршілес елдерде біздегі мұнай өнімдерін тысқа шығаруда жылдар бойы ұйымдастырылып қалыптасқан тәсілдер бар.

Осыдан соң Энергетика министрлігі Қазақстанда дизель отынына дифференциалды тариф енгізуді ұсынды. Шетелдіктер үшін отын литріне 450 теңге тұратын болады. Бұйрықтың жобасы ашық талқылауға шығарылды, онымен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
09.08.2022, 14:25