Меню CARMA.KZ

Қытайда тамыз-қыркүйекте автомобиль саудасы қаншаға өсті

Қытайдың автомобиль өнеркәсібі биылғы алғашқы үш тоқсанда тұрақты өсім көрсетті.

Қытайда тамыз-қыркүйекте автомобиль саудасы қаншаға өсті / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қытайда тамыз-қыркүйекте автомобиль саудасы қаншаға өсті / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, қаңтар мен қыркүйек аралығында автомобиль секторы 6,61 трлн юань шамасында (922 млрд доллар) табыс тапты. Бұл былтырғыдан 6,7%-ға көп, деп хабарлайды China daily.

Дегенмен алғашқы үш тоқсанда сектордың табысы былтырғымен салыстырғанда 1,9 пайызға қысқарған. Бюроның деректері бойынша, табысы 47,4%-ға өскен қыркүйек айында ғана өсім пайда болған. Оған жеткізу тізбектері мен өндірістік тізбектердің қайта қалпына келуі ықпал етті. Биылғы алғашқы сегіз айда сектордың табысы 2021 жылғымен салыстырғанда 5,4 пайыздық межеге құлдырап кетті.

Жалпы алғанда Қытай алғашқы тоғыз айда 19,63 млр автомобиль шығарған, бұл былтырғыдан 7,4%-ға көп. Қытайдың көлік өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша, елде аталған кезең ішінде 19,47 млн автомобиль сатылыпты, бұл өткен жылғыдан 4,4%-ға көп.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
03.11.2022, 12:24