Меню CARMA.KZ

Қытайда электрлі «болашақтың трейлерін» көрсетті

Жаңа электрлі тіркеме күн батареяларымен жабдықталған.

Қытайда электрлі «болашақтың трейлерін» көрсетті / Фото: китайские-автомобили.рф
Қытайда электрлі «болашақтың трейлерін» көрсетті / Фото: китайские-автомобили.рф

«Китайские автомобили» басылымының айтуынша, қытайлық жас стартап WinTao бренді белсенді демалысқа арналған жаңа трейлерді таныстырды. Кемпингке арналған электрлі тіркеме электрлі қозғалтқышпен, аккумуляторлармен және күн батареяларымен жабдықталған. 

Тіркеменің аэродинамикалық дизайны бірден көзге түседі. Бортта сыйымдылығы 10-20 киловатт-сағаттық батарея болады. Кондиционер, тоңазытқыш және басқа да көмекші құралдардың барлығы осы батареямен жұмыс істейді. Оське аз қуатты электр қозғалтқыш орнатылмақ. Оның көмегімен төмен жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндігі бар.

Көлік АҚШ, Еуропа және Аустралия нарығында пайда болады. Бағасына келетін болсақ, негізгі нұсқасы шамамен 37 мың доллар (17,2 млн теңге), ал сыйымдылығы жоғары батареялы жиындықтың бағасы 40 мың долларды (шамамен 19 млн теңге) құрайды. Қазіргі уақытта тіркеме тек жобаланып жатыр. Тіркеменің өндіріске дейінгі прототипін 2023 жылдың сәуір-маусым айларында көрсетпек, саудаға да сол жылы шығады.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
31.10.2022, 15:29