Меню CARMA.KZ

Ford Motor үш елдегі 3 мың қызметкерін жұмыстан босатады

Мұның себебі — американдық автоалпауытты4 электромобильдер өндірісіне көшуі.

Ford Motor үш елдегі 3 мың қызметкерін жұмыстан босатады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ford Motor үш елдегі 3 мың қызметкерін жұмыстан босатады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ford Motor компаниясы өндірісті электромобильдерге қайта бағыттау аясында инженерлік-техникалық персоналдан жалпы алғанда 3 мың қызметкерді қысқартады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Reuters бұл ақпаратты Ford Motor компаниясының басшылығы өткен аптада өз қызметкерлері арасында таратқан компанияның ішкі айналым құжатына сілтеп таратты. Осы құжаттан көрініп тұрғандай, қысқартулар негізінен концерннің АҚШ, Канада және Үндістандағы өндірістік бөлімшелеріне әсер етеді. Reuters мәліметтері бойынша, 2021 жылдың соңында Ford Motor-да бүкіл әлем бойынша 186 мыңнан астам адам жұмыс істеді, олардың 90 мыңнан астамы АҚШ-та.

Америкалық автомобиль компаниясы осы уақытқа дейін ішкі жану қозғалтқыштары бар автомобильдер шығаруға мамандырылған қызметкерлерді жалдады. Ал Ford өзінің болашағын электр көліктер шығарумен байланыстырады. Сонымен қатар, мемлекеттіңң ең көне автомобиль өндірушілерінің бірі сандық автомобиль бағдарламалық жасақтамасынан және осы қызметтерді қосымша қызметтер ретінде қосу арқылы ақша табуға ниетті.

«Осындай болашақты құру үшін біздің қызметіміздің бір ғасырдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келе жатқан барлық аспектілерін өзгертіп және қайта құру қажет. Ол үшін айқындық пен жылдамдық қажет. Бұл ресурстарды қайта бөлуді және жаңа бәсекелестермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз шығындар құрылымын қайта қарауды білдіреді», — деді Ford Motor компаниясының бас директоры Джим Фарли мен Басқарма Төрағасы Билл Форд қол қойған Ford Motor циркулярында.

Сондай-ақ, электронды хатта Фарли мен Форд қызметкеріне компанияның шығындары «нарықтағы жаңа бәсекелестермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз» деп мәлімдеді, сондықтан 3 мың қызметкер өз орнына электромобильдер мен бағдарламалық жасақтама мамандарын жалдау үшін жұмыстан шығарылады. Бұған дейін американдық автомобиль өндірушісі екі бөлек бөлім құратыны белгілі болды, олардың бірі — Ford Model E электромобильдермен айналысады, ал екіншісі — Ford Blue ішкі жану қозғалтқыштары бар автомобильдермен жұмысын жалғастырады. Екі бизнес те бір компания аясында жұмыс істейтін болады, бірақ олардың әрқайсысының өз басшылығы және жеке қаржылық есептілігі болады.

Сонымен қатар, жаппай қысқартудың тағы бір себебі ретінде: 22 тамыз, дүйсенбіде компанияның нарықтағы акциялары 5%-ға төмендеді, бірақ нәтижесінде 0,07%-ға түсумен ғана аяқталды. Жыл басынан бері Ford Motor акциялары 30%-ға арзандады, сол кезеңде компанияның шығындары инфляцияға байланысты $3 млрд-қа өсті. Аккумуляторға, шикізатқа және логистикаға бағаның өсуі, өз кезегінде Ford-қа қысым жасайды, дейді Reuters

Ford басшылығы биылғы жылы қанша пайда көретіндерін болжап отырса да, компанияның 2022-ші жылғы қаржылық көрсеткіштері жоспардан әлдеқайда төмен болуы да ғажап емес. Ал бұл өз кезегінде шұғыл кадрлық қысқартумен байланысты болуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, Ford Motor электромобильдер өндірісіне көшу аясында жұмыскерлерді қысқартуға барған Штаттардан шыққан алғашқы автомобиль өндірушісі емес: оның негізгі бәсекелесі General Motors Co 2018 жылы 14 мың қызметкермен қоштасқан.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
31.08.2022, 17:32