Меню CARMA.KZ

Қазақстанда «Газель» қайта саудаға шықты

CARMA.KZ порталына «Вираж» компаниялар тобы хабарлағандай, саудаға 350 машина қойылған, компанияның қоймасында бұдан басқа 1500 автомобиль бар.

Қазақстанда «Газель» қайта саудаға шықты / Фото: kazpravda.kz
Қазақстанда «Газель» қайта саудаға шықты / Фото: kazpravda.kz

Қазақстанда GAZ маркалы автомобиль техникасының саудасы биылғы көктемде тоқтап қалған болатын. «СемАЗ» ЖШС» тобына кіретін «Вираж» компаниялар тобындағылар GAZ маркалы автомобильдердің өндірісін мәжбүрлі тоқтатты деп түсіндірді. Оған себеп «Жасыл Даму» АҚ утильдік алымды қайтармауы. Өндірістің тоқтауы машинаға қажетті жиынтықтардың жеткізілмеуі емес, «РОП Операторынан» «Жасыл Дамуға» өткен нақ осы утильдік алым шараларын реттеумен байланысты.

«Қазіргі сәтте барлық мәселе шешілді, біз әдеттегі режимде жұмыс істеп жатырмыз», — деді CARMA.KZ-ке «Вираж» компаниялар тобындағылар. Олардың ақпараты бойынша, биыл GAZ маркалы автомобильдердің 4 262 бірлігін сату жоспарда бар, былтыр қазақстандық нарықта 3 832 бірлігі саудаланған.

«Жылдың соңына дейін өндірістік жоспар орындалатын болады», — деп санайды компаниялар тобындағылар.

Ұсынып отырған техниканың бағасы мен ассортиментіне келер болсақ, айтуларынша, модельдер қатары өзгеріссіз қалған, ал автомобильдердің бағасы өсіп отыр. Десе де компания өкілдері машинаның орташа бағасы қаншаға өскені жайлы сұраққа «әр модельдің бағасы әртүрлі және бағасы орташа алғанда қаншаға өскенін айту қиын» деп жауап берді. Автомобильдің сатылу бағасының өсуіне «Вираж» компаниялар тобындағылар машинаның жиындықтары бағасының өсуі себеп деп түсіндірді.

«GAZ автомобильдерінің бағасы көктемде Ресейде де өсті, оны өндірушінің өзі көтерді», — деп түсіндірді «Вираж»-дағылар. Қазақстанда ұсынылып отырған машиналар бағасының өсуіне себеп болған тағы бір фактор — теңгенің рубльге шаққандағы бағамы. Ол бір рубль үшін 5,5-6 теңгеден 7,5-8,5 теңгеге көтерілді.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
11.07.2022, 13:18