Меню CARMA.KZ

Еуроодақта автомобильдердің экспорты импорттан екі есе көп

2021 жылдың қорытындысы бойынша, сауда профициті 79,5 млрд еуроны құрады.

Еуроодақта автомобильдердің экспорты импорттан екі есе көп / Фото: Matthias Schrader
Еуроодақта автомобильдердің экспорты импорттан екі есе көп / Фото: Matthias Schrader

2021 жылы Еуроодақ елдері көлікті жалпы сомасы 139,9 млрд еуроға экспорттап, 60,5 млрд еуроға импорттаған. Еуроаймақ автомобиль саудасының көлемі өскенін тіркеп отыр. 2020 жылмен салыстырғанда профицит 4,6%-ға аз (импорт — 58 млрд еуро, экспорт — 133,9 млрд еуро).

Еуроодақтағы автомобильдердің импорты мен экспорты құрылымында негізгі үлес жеңіл автомобильдерге тиесілі, деп хабарлайды Еуропаның автомобиль өндірушілерінің қауымдастығы (АСЕА). 2021 жылы Еуроодақ жалпы сомасы 53,3 млрд еуроның машинасын импорттаса, экспорттағаны 126,8 млрд еуро.

Қауымдастықтағылар 2021 жылы ЕО аумағына әкелінген көліктердің арасында фургондардың саны төрттен бірге өскенін айтады (2020 жылы 4,1 млрд еуро болса, 2021 жылы 5,1 млрд еуро), сондай-ақ жүк машиналары және автобустардың сауда көлемі төмендеп кеткен (импорт 10,8%-ға, ал экспорт 2,8%-ға төмендеді).

Бұған дейін немістің автомобиль өндірушілері микрочиптерді жеткілікті көлемде алып жатқанын мәлімдеген болатын. Чиптерді жеткізу мерзімі компаниялардың болжағаннан ертерек қалпына келе бастады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.07.2022, 13:56