Меню CARMA.KZ

«СемАЗ» қытай жүк көліктерін шығара бастады

Компания биылғы маусым айынан бастап 7 және 10 тонна жүктерді тасуға қауқарлы Dongfeng жүк көліктерін шығара бастады. Алдағы уақытта 15 және 25 тонналық машиналарды шығару жоспары бар.

«СемАЗ» қытай жүк көліктерін шығара бастады / Фотосуретті «СемАЗ» ЖШС ұсынды
«СемАЗ» қытай жүк көліктерін шығара бастады / Фотосуретті «СемАЗ» ЖШС ұсынды

«Вираж» тобына жататын «СемАЗ» кәсіпорны биылғы маусым айында ауырлығы 7 және 10 тонна жүктерді тасуға арналған жүкті өзі қотаратын Dongfeng көліктерінің BWC3140GLV және BWC3180GLV түрлерін шығаруды бастағанын жариялады. CARMA.KZ-ке компания өкілдері ай сайын 50-60 бірлік техника шығарылатынын айтты. Десе де «СемАЗ» осы тектес машиналарға деген ішкі нарық көлемі 2000 бірлік деп бағалап отыр.

Жүкті өздігінен түсіретін Dongfeng BWC3140GLV және BWC3180GLV модельдерінің негізгі ерекшеліктері олардың ықшамдылығында. Мәселен жүк көтергіштігі 10 тонна болса да WC3180GLV моделінің көлемі 810х230х300 см құрайды, бұл қала ішінде пайдалануға өте қолайлы. Көлік құралының ең төмен массасы — жабдықталған күйінде 6,5 тонна және сонымен қоса қозғалтқышының қуаттылығы 215 ат күшін құрайды. Техника күрделі жағдайларда пайдалануға есептелген, ЕВРО V экологиялық стандартына сәйкес келеді.

Компанияның деректері бойынша Dongfeng жүк көліктерінің өндірісі бойынша жерсіндірілу деңгейі 50%-ды құрайды және өндірістік құрастыру туралы келісімге сәйкес келеді.

«Семей механикалық зауытында аталған автомобильдер кабинаны дәнекерлеу мен бояу, отандық өндірістен шыққан рамаларды тойтарудан тұратын толық цикл технологиясы бойынша құрастырылады», — деп түсіндірді CARMA.KZ-ке «СемАЗ» ЖШС.

Бастапқы құйылған инвестиция 550 млн теңге болды, оның 110 млн теңгесі дербес қаражат та, 440 млн теңгесі — коммерциялық несие. Зауыт өндірісті іске қосу үшін 2021 жылдың соңында аумағы 35 000 шаршы метрді құрайтын өндірістік алаң сатып алды.

Жүк көліктерін компания Қазақстанда өзінің дилерлік орталықтары арқылы сатпақшы, сонымен бірге 2023 жылдан бастап көрші елдерге экспорттайтын жоспары бар. Жаңа жүк көліктерінің бағасына келер болсақ, «СемАЗ»-дағылар CARMA.KZ-тің сауалына тура жауап бермеді. Тек «кәсіпорын қазақстандық өнімнің үлесі есебінен құнын азайтуды көздеп отыр, бұл бізге бәсекелестеріміздің алдында артықшылық береді» деп атап өтті.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
30.06.2022, 14:14