Қазақстанда бес айда 36 мың автомобиль шығарылды
Қазақстанда жеңіл автомобильдерді шығару көлемі бес айда 28%-ға өсті.
Бес айдың нәтижесі бойынша Қазақстан аумағында 40 628 бірлік техника өндірілді, деп хабарлайды ҚАБҚ. Оның 36 420 бірлігі (+28,6%) жеңіл автомобиль, 3 323 бірлігі жүк көлігі (+9,2%), 532 автобус (+18%), 246 тіркеме мен ашық тіркемелер және 107 бірлік арнайы техника болды. Шығарылған техниканың жалпы құны 404,2 млрд теңгені құрайды. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда шығарылған техниканың саны 26,3%-ға артқан.
Сонымен бірге еліміздің автомобиль өндірісі кәсіпорындары 9 882 бірлік техника шығарды — бұл 2021 жылғы мамырмен салыстырғанда 59,7%-ға көп.
Зауыттар бойынша өндіріс:
- СарыарқаАвтоӨнеркәсіп — 24 408 бірлік
- Hyundai Trans Kazakhstan — 13 780 бірлік
- СемАЗ — 1 047 бірлік
- КАМАЗ-Инжиниринг — 496 бірдік
- Hyundai Trans Auto — 470 бірлік
- Daewoo Bus Kazakhstan — 97 бірлік
- QazTechna — 78 бірлік.
Қазақстан автомобиль нарығы мен автомобиль саласы үшін бүгінгі күнде екі нәрсе тән: біріншісі — бес айдың қорытындысы бойынша сауданың импорттық автомобильдерді жеткізудің қысқаруына байланысты төмендегені көрінсе, екіншісі — жергілікті кәсіпорындар өндірістің айтарлықтай өскенін көрсетті. Мысалы, кәсіпорындардың бірі соңғы бес айда толық 2018 жылға қарағанда көп техника шығарған», — дейді АТМО атқарушы директоры Алмас Дүйсенбай.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда автомобильдер, жүк көліктерін, автобустарды, арнайы техникалар мен тіркемелерді қоса есепке алғанда жалпы саны 93 мың бірлік техника шығарылды. 2020 жылы еліміздің автомобиль саласы кәсіпорындары 77,4 мың бірлік автокөлік құралын шығарды.
Олжас Сабитов, журналист
17.06.2022, 14:00