АвтоВАЗ автомобиль құрастырмаса да жұмыс істей бастады
АвтоВАЗ-дың сәуірдегі жаппай демалысы мамырда каникулға ұласты. Қызметкерлердің бір бөлігі қосалқы бөлшектер шығарумен айналысса, қалғандары жалақының 2/3 сақталатын еңбек демалысында жүр.
Тікелей автомобиль құрастыру әлі де кейінге қалдырылған – өз дереккөзіне сілтеме жасаған «Интерфакстың» хабарлауынша, компания 2022 жылғы 13 мамырға дейін автомобиль құрастыруға кірісуді көздемеген.
Алайда, конвейер биылғы жылғы мамырдың соңына дейін қаңтарулы тұратын сыңайлы. Тек келесі аптада басталады деп жоспарлаған LADA Niva Travel құрастыру желісі іске қосылуы мүмкін.
Өндірістік үдерістер кідіртілген Ижевтегі LADA Vesta өндірісінде де жағдай осындай. Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс кестесі қажетті құрамдастардың келіп түсуіне байланысты құрылатын болады.
Лев Павлов, корреспондент
12.05.2022, 08:37