2020 жылдың қорытындысы: елімізде 77 мыңнан артық көлік құралы өндірілді
Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының «ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы 2020 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль өндірушілері жұмысының нәтижесі туралы жариялады.
Биылғы жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстан аумағында жалпы құны 612,8 млрд теңгенің 77 431 бірлік автокөлік құралы өндірілді (оның ішінде жеңіл автокөлік, жүк көлігі, автобус техникасы, арнайы машиналар мен тіркемелер бар). Шығарылған көлемдер заттай есептегенде былтырғы көрсеткіштен 53,2%-ға артық болды.
Жеңіл автомобильдерді өндіру 47%-ға өсіп, 64 790 бірлікті құрады. Автобус техникасын шығару да (1801 бірлік) есептік кезеңнің қорытындысы бойынша 66%-ға артты. Жүк көліктерінің өндірісі (8 240 бірлік) 2 есеге өссе, арнайы автотехника 202 бірліктен 404 бірлікке дейін, тіркемелер 944 бірліктен 2 196 бірлікке дейін көбейген.
2020 жылғы желтоқсанның нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 7 744 бірлік автокөлік құралы шыққан, бұл көрсеткіш 2019 жылғы нәтижеден 47,3%-ға жоғары. Биылғы жылғы қарашамен салыстырғанда (7 891 бірлік) автокөлік құралдарын өндіру желтоқсанда 1,9%-ға төмендеген.
Отандық автозауыттардың сату көрсеткіші жыл басынан бері 67 018 бірліккке жетті, бұл былтырғыдан (45 240 бірлік) 48%-ға жоғары. Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтағы үлесі өткен жылғы дәл осындай кезеңде 60,2% болған болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 72,2%-ға дейін өсті.
Еліміз тұрғындарының өзімізде шығарылған автомобильдерді сатып алуға жұмсалған шығыстары 538,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 71,6%-ға жоғары.
Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің аса сұраныстағы бес брендті Hyundai (17 927 бірлік), Lada (16 680 бірлік), Chevrolet (9 990 бірлік), Ravon (5 945 бірлік) және KIA (5 201 бірлік) құрады.
Отандық кәсіпорындар ұсынған маркалардың тізіміне сондай-ақ JAC (2 066 бірлік), UAZ (643 бірлік) және Skoda (267 бірлік) еніп отыр.
Жерсіндірілген өндірістен шығарылған жеңіл автомобильдердің сауда рейтингін Lada Granta (7 557 бірлік), Ravon Nexia R3 (5 945 бірлік), Hyundai Accent (5 160 бірлік), Hyundai Tucson (4 903 бірлік) және Chevrolet Cobalt (4 880 бірлік) бастап отыр.
Қазақстандықтар арасында сұранысқа ие модельдердің қатарын Lada Vesta (3 767 бірлік), Hyundai Creta (3 495 бірлік), Lada 4x4 (3 062 бірлік), Chevrolet Nexia (2 941 бірлік) және KIA Rio (2 692 бірлік) толықтырды.
2020 жыл ішінде 8 012 автомобильді жеңілдетілген автонесие мембағдарламасына қатысушылар сатып алған. Олардың үлесіне жерсіндірілген өндірістің автомобильдері саудасының 12%-ы тиесілі.
Сала кәсіпорындарының еліміздің ІЖӨ-ге қосқан үлесі есептік кезеңнің нәтижелері бойынша 612,8 млрд теңгені ( бір жыл бұрынғы көрсеткішке +52,5%) құрады. Автоөнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталға құйған инвестициясы есептік кезеңде 83,9%-ға өсіп, 16,7 млрд теңгеге жетті.
Артур Мискарян, «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры:
«Өткен жылы Қазақстанның автомобиль индустриясы ұлттық валюта құнының күрт төмендеуі, локдаун кезінде автосалондардың бір айға жабылып қалуы және дайын автомобильдермен қатар, жерсіндірілген өндіріске қажетті құрамдастарды жеткізудегі іркіліс сияқты бірнеше ауыр қиындықтарды басынан өткерді.
Алайда осылардың арасында ең ауыры — «АЗИЯ АВТО» зауытының жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы болды. Еліміздің ірі автоконвейерінің тоқтауы салдарынан тұтынушылар аса сұраныстағы автомобильдерге тапшылыққа және негізгі сегменттерде жыл соңына қарай 20%-ға өскен баға қымбатшылығына тап болды.
Десек те былтыр ҚазАвтоөнеркәсіп кәсіпорындары шығару көлемі бойынша 53% және өндіріс көлемі бойынша 48% өсім көрсеткенімен, саладағы динамика 2021 жылы баяулауы мүмкін. Осыған сәйкес автопарк жасының қартаюы және автомобильдендіру деңгейінің төмендігі секілді ескі проблемаларды шешу белгісіз мерзімге шегерілетін болады».
Жерсіндірілген өндірістің сауда көлемі бойынша 10 үздік жеңіл модель
№ |
Модель |
Сауда, бір. |
Үлес, % |
1 |
Lada Granta |
7 557 |
11,3 |
2 |
Ravon Nexia R3 |
5 945 |
8,9 |
3 |
Hyundai Accent |
5 160 |
7,7 |
4 |
Hyundai Tucson |
4 903 |
7,3 |
5 |
Chevrolet Cobalt |
4 880 |
7,3 |
6 |
Lada Vesta |
3 767 |
5,6 |
7 |
Hyundai Creta |
3 495 |
5,2 |
8 |
Lada 4x4 |
3 062 |
4,6 |
9 |
Chevrolet Nexia |
2 941 |
4,4 |
10 |
KIA Rio |
2 692 |
4,0 |
Жерсіндірілген өндірістің жеңіл модельдерінің саудасы брендтерге бөлгенде
№ |
Бренд |
Сауда, бір. |
Үлес, % |
1 |
Hyundai |
17 927 |
26,7 |
2 |
Lada |
16 680 |
24,9 |
3 |
Chevrolet |
9 990 |
14,9 |
4 |
Ravon |
5 945 |
8,9 |
5 |
KIA |
5 201 |
7,8 |
6 |
JAC |
2 066 |
3,1 |
7 |
UAZ |
643 |
1,0 |
8 |
Skoda |
267 |
0,4 |
Лев Павлов, корреспондент
21.01.2021, 14:25