Жарық мөлшерінің жеткіліксіз болуы жол-көлік оқиғасының санына әсер етеді
OSRAM компаниясының мамандары басты жарық фараларының жарықтығы мен жолдардағы жол-көлік оқиғалары санының өзара байланысын көрсететін зерттеуді ұсынды.
Осылайша, компания мамандарының айтуынша, әрбір үшінші отбасы шыққан жылы 10 жылдан асқан көлікті пайдаланады, әрбір екінші көлікте техникалық тексеру кезінде жарықтандыру жүйесінде кінарат пен ақау анықталады, ал әрбір бесінші көлікте басты жарық шамы автомобиль жүріп келе жатқан кезде жанып кетеді екен. Аталған фактордың барлығы тіркелген жол-көлік оқиғаларының көпшілігінде апатқа себепкер болған.
«Біз әлеуметтік жауапкершілігі бар компания ретінде алдын алу шараларының маңыздылығын түсінеміз және қазақстандықтарға басты жарық шамдарын дұрыс пайдалану қажеттілігін ескертіп отырамыз. Стандартты галоген шамының ресурсы орта есеппен небәрі 500 сағатты құрайтынын, ал ксенон шамының жарық беру қабілеті жылына орта есеппен 20% кеміп отыратынын есте ұстаған жөн, сондықтан автомобиль жарық көздерінің жай-күйін ара-тұра қадағалап отырған өте маңызды», — деп түсіндіріп өтті Қазақстандағы «ОСРАМ ГБМХ» өкілдігінің бас директоры Дмитрий Макаров.
Жарықтың жеткіліксіз болуы – бүкіл әлемде көліктерді тексеру кезінде назар аударатын мәселе. БҰҰ мәліметтері бойынша, әлемде әр 24 секунд сайын апаттан біреу көз жұмады, жылына 1 миллионнан астам адам жол үстінде қаза табады, кем дегенде 50 миллион адам жарақат алады, сондықтан басты жарық фараларының жарықтығының маңыздылығы басымдыққа ие болып келеді. Қазақстанда ІІМ деректері бойынша жылына 10 000-нан астам жол-көлік оқиғасы болады.
Вадим Григорьев, журналист
30.04.2024, 09:30