Меню CARMA.KZ

Toyota жаңа буын C-HR кроссоверінің концепциясын көрсетті

Жаңа модельдің еуропалық нұсқасы екі гибрид күштік қондырғымен жабдықталады.

Toyota жаңа буын C-HR кроссоверінің концепциясын көрсетті / Фото: ixbt.com
Toyota жаңа буын C-HR кроссоверінің концепциясын көрсетті / Фото: ixbt.com

Toyota келесі жылы сериялық кроссовер болатын C-HR Prologue концепциясының фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.

C-HR Prologue қазіргі C-HR-ге қарағанда, спорттық болып көрінеді. Жаңа модификацияның қысқа ілмелері, шанақтың үш түсті бояуы, hammerhead фирмалық жазуы, қиғаш келген фаралары бар толық жарықдиодты оптикасы және диффузоры бар. Бұл кроссовердің CHR-мен өлшемдері және шағын бүйірлік терезелері ұқсас.

Сондай-ақ, аталмыш көліктің артқы көрініс айнасының орнына кішкентай камера қарастырылған. Ал есік тұтқалары суырылмалы етіп жасалған. Toyota-ның айтуынша, кроссовердің қысқартылған ілмелері мен сәл ұзартылған дөңгелек базасының арқасында, оны «кең және қолайлы» ете алған. Жаңа CHR моделінің экрандары үлкен болуы тиіс. Бірақ компания көліктің интерьерін әзірге құпияда сақтауды қалайды.

Қуат қондырғылары туралы ақпарат та ашылып айтылмады. Әзірге тек C-HR Prologue Еуропада гибрид және плагин-гибрид (плагин гибридінде арнайы қуаттағышпен де, үйдегі резеткеменде қуаттауға болатын сыйымдылығы жоғары батареялар бар) екі қондырғымен ұсынылатыны белгілі.

«Тауарлық» C-HR моделі жетілдірілген TNGA платформасына негізделуі әбден мүмкін. Нарықта кроссовердің жаңа нұсқасы 2023 жылы пайда болады. Осыдан жеті жыл бұрын C-HR-дің бірінші буыны таныстырылған болатын. Toyota әзірге электрокар өндірісіндегі бәсекелестерінен артта қалды. Қазір компанияның еншісінде тек bZ4X электромобилі бар, оның өзінің өндірісін бастай алмай жатыр.

Биылғы жазда Toyota BZ4X саудаға шыққаннан екі ай өткен соң, жапондық  электромобильдің дөңгелектері қозғалысты бастағанда түсіп қалуы мүмкін екендігі анықталды. Салдарынан, компания жаппай кері қайтарып алуға мәжбүр болды. 2022 жылдың күзінде bZ4X батаресяның бір қуаттауында жүріс қоры әлдеқайда аз екені белгілі болды.

Мұны Данияның FDM басылымы жүргізген сынақ нәтижелері растайды. Электрокар белгіленген 461 шақырымның жартысын да жүріп өте алмады. Компания орын алған жағдайды түзетеміз деп уәде берді. Сараптамамен Брюссельдегі Еуропалық өкілдік те, Токиодағы бас кеңсе де айналысады. Toyota әзірге қорытындысын жариялаған жоқ.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
06.12.2022, 14:00