TopSpeed ең сенімсіз 10 кроссоверді атады
Антирейтингтің көшбасында Volkswagen мен Mercedes-Benz-тің модельдері тұр.
TopSpeed порталы автокөлік иелерінің пікірлері негізінде әлемдегі ең сенімсіз 10 кроссоверді атады. Олардың алдыңғы орындағы үшеуі неміс өндірушілері болды.
Сауалнама барысында жүзден бір ғана ұпай жинаған Volkswagen-нің Taos моделі ең сенімсіз көлік деп танылды. Бұл модельдің иелері көбінесе қозғалтқышқа, электроникаға, соның ішінде қауіпсіздік жүйелеріне, беріліс қорабына және кроссовердің жанармай жүйесіне қатысты әртүрлі мәселелерге қатысты шағымдар түсірді. Үш ұпаймен екінші орынға Volkswagen-нің тағы бір моделі ― Tiguan орналасты. Бұл көлікпен жүретіндер электроника, беріліс қорабы, қозғалтқыш және салқындату жүйесіне наразылықтарын білдірді.
Ең сенімсіз көліктің алғашқы үштігін Mercedes-Benz GLK (төрт ұпай) қортындылады. Оның аспасы мен беріліс қорабы жиі бұзылады екен. Дәл сондай төрт ұпаймен келесі кезекте Volvo XC60 көлігі тұр. Бұл көліктің иелері қозғалтқыштың жұмысына және электроника мәселелеріне шағымданады. Бесінші орында ― Ford Mustang Mach-E. Электрониканың бұзылуы, майдың ағуы және белдіктердің мерзімінен бұрын тозуы — ақыры оны Mustang атауынан айырды.
Алтыншы және жетінші орындарды 2014 жылғы Buick Encore және KIA Sorento-ның гибридті нұсқасы иеленді. Бұл көліктерге бірдей шағымдар келіп түскен: қозғалтқыштың және салқындату жүйесінің істен шығуы, сондай-ақ электроникада мәселелер туындаған. Сегізінші-тоғызыншы орындарда 2014 жылғы Jeep Cherokee және 2013 жылғы Nissan Pathfinder бөледі. Оларда да қозғалтқыштың, беріліс қорабының және электрониканың ақауларлары көрсетілген. Оныншы орында 2016 жылғы Hyundai Tucson тұр. Одан табылған ақаулар жоғарыда аталған көліктерге ұқсас.
Сонымен қатар, TopSpeed порталының авторлары кемпингке арналған ең үздік он көлікті атады. Автомобильмен саяхат жасауға ыңғайлы көлік ретінде 80-шы сериялы Toyota Land Cruiser танылды. Екінші орынды Jeep Wrangler иеленді, үшінші жолда Toyota 4Runner тұр. Сонымен қатар, саяхаттауға арналған үздік көліктер ондығына Ford Bronco, Ineos Grenadier, Ford Ranger, Jeep Gladiator, Land Rover Discovery 1, Toyota Tacoma және тағы да 100-сериялы Toyota Land Cruiser енді.
Рейтинг авторларының пікірінше, аталған көліктердің барлығы, кроссоверлердің тізіміне қарағанда, жүргізушіге жоғары сенімділік пен жайлылықты сыйлайды. Осылайша, TopSpeed порталының кеңесіне жүгінсек, алыс жолға Toyota жол талғамайтын көлігімен немесе дәл сол санаттағы Ford-пен жүрген абзал. Сонымен қатар, бұл америкалық өндірушінің модельдері «отандасы» ― Jeep сияқты екі ондыққа да енді.
Егор Васильев, корреспондент
04.12.2022, 16:00