Шымкентте Mitsubishi дилерлік орталығы ашылды
Нысанның жалпы ауданы 528 шаршы метрді құрайды.
Шымкентте алғашқы Mitsubishi дилерлік орталығы ашылды. Нысанның жалпы ауданы 528 шаршы метрді құрайды. Дилерлік орталықта Қазақстанда қолжетімді Mitsubishi маркасының толық модельдік қатары ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы Mitsubishi-нің ресми дистрибьюторы ― «ММС Каз» компаниясы. Дилерлік орталық Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіреді.
«Жаңа автоорталықтың заманауи шоу-румында Қазақстанда ресми түрде сатылатын брендтің барлық модельдік қатары ұсынылған. Одан өзге Шымкенттегі Mitsubishi автокөліктерін тізгіндейтін тұрғындар марканың әлемдік жоғары стандарттары негізінде барлық қажетті техникалық және кәсіби жөндеу қызметтерін пайдалана алады»,― деп мәлімдеді Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова автоорталықтың ашылу салтанатында.
Mitsubishi Orbis Шымкент дилерлік орталығы ― жаңа автомобильдер мен жүрілген көліктерді сатуда сан алуан қызметтерді, Trade-in жүйесін (айырбастау), сондай-ақ сапалы сервистік қызмет көрсетеді. Одан бөлек, дилерлік орталықта қаржы кеңесшісі қарастырылған. Ол несиелік ұсыныстар бойынша өзекті ақпараттар беріп, автомобильге несие ресімдеуге көмектеседі, деп хабарлады «ММС Қаз».
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ресми түрде Mitsubishi-дің ASX, L200 және Eclipse cross модельдері ұсынылған.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.12.2022, 15:00