Қытайда әлемдегі ең мықты 10 қозғалтқышты атады
Олардың алтауы — қытайлық брендтер.
Қытайда әлемдегі ең үздік 10 автомобиль қозғалтқыштары анықталды. Олар China Heart 2022 байқауының лауреаттары атанды. Биыл тізімге тек гибридті жүйелер енді.
Үздік ондыққа енгендерді орындарға бөліп-жармаған, деп атап өтті «Қытай автомобильдері» порталы.
Geely
Geely BHE15-EFZ қозғалтқышы— 4 цилиндрлі, 1,5 литрлік қондырғы. Оның басты ерекшелігі—43,32% деңгейіндегі жоғары жылу тиімділігі. Мұндай қозғалтқыштар Geely Emgrand L Hi-X және Binrui Cool седандарына, сондай-ақ, Coolray Cool кроссоверіне орнатылады.
Бұл қозғалтқыш бензинмен жүретін көліктерде де, гибридттерде де жұмыс істейді. Мысалы, Emgrand L Hi-X гибридінің 317 ат күші бар, ал отын шығыны 100 шақырымға небәрі 3,8 литрді құрайды.
BYD
BYD472QA қозғалтқышы да осыған ұқсас. Оның көлемі 1,5 литрді құрайды, ал гибридті жүйеде көліктің отын шығыны 100 шақырымға 3,8 литр болады.
Changan
JL473ZQ6 қозғалтқыштары Changan Uni-V лифтбектеріне орнатылады. Мамандардың айтуынша, агрегат жұмысын тыныш атқарады әрі қуаты да мықты. Гибридті жүйеде автомобиль 100 шақырымға 4,95 литр жұмсайды.
GAC
4B20L1 қозғалтқыштарын қытайлық мамандар TOYOTA-ның көмегімен әзірлеген. Ал 4B20L1 қозғалтқышы 2 литрлік болып келеді және гибридті жүйеде 100 шақырымға 4,76 литр отын шығыны бар.
MG
SAIC компаниясының 2 литрлік қозғалтқышты MG7 седаны— спорттық көліктер үшін ең қолайлысы деп танылды. Қытай мамандары оның айдағышын, өнімділігін, сондай-ақ салқындату жүйесін атап өтті.
GWM Tank
Үздік ондыққа Танк 500-ге арналған 3 литрлік 6Z30 қозғалтқышы кірді. Ол өзінің қуатымен ерекшеленеді—360 ат күші бар, 9-сатылы автомат. Отын шығыны 100 шақырымға 10,8 литрді құрайды. Жоғарыда аталған қытайлық брендтердің қозғалтқыштарынан бөлек, үздік ондыққа Volvo-ның B40T2, Mercedes-Benz-тің M254, Volkswagen-нің EA211 және General Motors-тің Ecotec LP5 қондырғылары кірді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
05.12.2022, 12:30