Меню CARMA.KZ

Қазақстандағы заң бұзушылықтың көбі жол қозғалысына қатысты

Бұл жағдай екі жылдан бері жалғасып келеді.

Қазақстандағы заң бұзушылықтың көбі жол қозғалысына қатысты / Фото: Газета.uz
Қазақстандағы заң бұзушылықтың көбі жол қозғалысына қатысты / Фото: Газета.uz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазанында  Қазақстанда жол қозғалысы бойынша 6,1 млн заң бұзушылық анықталған. Бұл ішкі істер органдары тіркеген заң бұзушылықтың жалпы санының 84%-ын құрайды.

Салыстырмалы түрде, 2021 жылы елімізде жол қозғалысы бойынша 6,8 млн заң бұзушылық орын алған. Бұл барлық заң бұзушылықтың жалпы санының 83%-ын құрайды.

«3 млн ЖҚЕ бұзуда кемінде 1,5 млн заң бұзушы бары анықталды. Осының ішінде 71 мың адам ЖҚЕ-ні 5 рет бұзған»,— деп хабарлады ішкі істер министрлігі CARMA.KZ редакциясының сұрауына.

Естеріңізге сала кетейік, барлық тіркелген ЖҚЕ бұзушылықтардың 43%-ы жылдамдықты асыру болып табылады. Жыл басынан бері полиция осы бап бойынша 2,3 млн айыппұл жазып берген.

Қазір елімізде жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтайтын 17 мыңнан астам автоматты камера орнатылған. Жыл басынан бері олар 2,7 миллионға жуық заң бұзушылықты анықтады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
07.12.2022, 11:00