Қазақстанда Chevrolet Tracker-дің жаңа жиынтықтары пайда болады
Бұрын ол LT және LT Redline нұсқасында ұсынылған.
Қазақстандағы Chevrolet автомобильдерінің ресми дистрибьюторы Tracker кроссоверінің жиынтық түрлерін молайтып жатыр. Бұрын тек LT және LT Redline жиынтығы бар болатын. Ал енді автомобильді тағы үш — LS, LT және Premier модификациясы пайда болды.
Chevrolet Tracker — көлемі 1,2 литрге дейін ұлғайтылған қозғалтқышпен және 132 ат күші бар (1 литрлік қозғалтқыш нұсқасында 125 ат күші қарастырылған) контурлық салқындатқыш турбинамен жабдықталған. Қала тұрмысына арналған кроссовердің сағатына 100 шақырымға дейін екпіндеу уақыты 1,4 секундқа қысқарған және өз сегментінде рекордтық 11,1 секундты құрады. Өндіруші мәлімдеген 100 шақырымға отын шығыны аралас циклде небәрі 6,5 литрді құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда брендтер арасында Chevrolet он ай қатарынан сұраныстың алдын бермей келеді. Осы уақытқа дейін аталмыш көліктің 27 мыңы сатылды. Бұл өткен жылдың қаңтар-қазан айларына қарағанда, 19,7%-ға көп.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.12.2022, 12:30