Меню CARMA.KZ

GM электрлі Cadillac Escalade моделін шығармақшы

Escalade IQL жол талғамайтын көлігін келесі жылы таныстырады, ал 2024 жылдан бастап ол шығарыла бастайды.

GM электрлі Cadillac Escalade моделін шығармақшы / Фото: Cadillac
GM электрлі Cadillac Escalade моделін шығармақшы / Фото: Cadillac

АҚШ-тың General Motors компаниясы электрлі Cadillac Escalade моделін шығаруға дайын отыр, деп хабарлайды «Автоновости дня» ресурсы.

Америкалық General Motors-қа тиесілі Cadillac маркасы электрлі толық өлшемді жол талғамайтын көлікті шығарады, деп хабарлады GM президенті Марк Ройс. Оның айтуынша, электрлі жаңа көлік Cadillac Escalade IQL деп аталады. Әрі ол  дөңгелек базасы ұзартылған нұсқа болады екен. Флагмандық электрлі жол талғамайтын көліктің тұсаукесері  2024 жылға жоспарланған, алайда General Motors оны келесі жылы таныстырмақшы.

Компанияның айтуынша, Escalade IQ GMC Hummer EV-мен біріктіріледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа электрлі жол талғамайтын көліктің негізгі нұсқасы қосымша қуатсыз кемінде 400 миль (640 км) жүріп өте алады. 2025 жылға қарай Cadillac кемінде 4 толық электрлі модельді (Cadillac Lyriq қоспағанда) нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Ал General Motors 2025 жылға қарай жеке бренді атынан 30 жаңа электромобиль шығаруға уәде берді.

Cadillac-тың айтуынша, бензин қозғалтқышпен шығатын соңғысы осы Escalade болмақ. Яғни бензинмен жүретін модельдер нарықтан біртіндеп кетеді. Бірінші болып ішкі жану қозғалтқышы бар Cadillac XT4, XT5 және XT6 модельдері өндірістен алынып тастайды.

Lyriq электр көлігі XT5-ті алмастыратыны белгілі. Ал X4 және X6-ны қандай электрлі модельдермен ауыстыратыны жайлы әзірге ақпарат жоқ. Келесі кезекте, 2026-2027 жылдары Cadillac маркасы CT4 және CT5 артқы жетекті седандармен қоштасады. Дей тұрғанмен, олардың электрлі баламалары нарыққа шығады. Escalade-тың ішкі жану қозғалтқышты көліктері «жасыл» баламасымен бірге 2030 жылдың басына дейін өндірісте болады.

Биылғы қараша айының соңында General Motors Corvette-ті нағыз қосалқы брендке  айналдыратыны белгілі болды. Оның үш жаңа моделі шығады: екі орынды Corvette EV, төрт есікті купе және спорттық кроссовер. 2023 жылы 600 ат күшіне тең бензоэлектрлік күштік қондырғысы бар Corvette Grand Sport көлігі пайда болады. Ал 2024 жылы 850-күшті Z06 модификациялы күшейтілген 5,5 литрлі  Corvette ZR1 моделі таныстырылмақшы. 2025 жылы  5,5 литрлік V8 қозғалтқыш негізіндегі 1000 ат күші бар Corvette Zora супергибридін шығару жоспарланған.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
06.12.2022, 12:30