Ford Ranger-дің қымбат нұсқасын жасады
Ford Ranger Platinum-нің өндірісі 2023 жылдың көктемінде басталмақшы.
Жаңа Ford Ranger Platinum «премиум» нұсқасында шығады, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.
Ford Ranger-дің топ-нұсқасы - Platinum қуаты 240 а.к. тең F-150-дің 3-литрлік дизель V6 қозғалтқышымен, сондай-ақ бейінді ауыстыру логикасы және шуыл мен дірілді азайтатын жаңа тіректері бар он диапазонды автоматпен жабдықталған.
Жаңа көлік толық жетекті болып келеді. Ranger-дің Platinum нұсқасы басқа модельдерге қарағанда, радиатор торының дизайынымен және «күңгірт хром» декорымен ерекшеленеді. Әдетте мұндай пикапта матрицалық шамдар қарастырылады. Сондай-ақ, онда жүк платфомасының есігі, беті тегістелген 20 дюймдік дөңгелектер және жылтыр қара «қалталар» мен рейлингтер бар.
Аталмыш көліктің салоны ойылған және сырмалы терімен қапталған. Алдыңғы орындықтарда 10 бағыттқа негізделген электрлі реттегіштер бар, сондай-ақ, жылытқыш және желдеткіш жүйелері қарастырылған екен. «Аспаптар» диагоналі 12 дюймді құрайды. Ranger Platinum стандартты жиынтығына Bang & Olufsen аудио жүйесі, сымсыз қуаттау және FordPass Connect модемі кіреді. Электрондық көмекшілердің қатарына автотұрақтан шығу көмекшісі, айналмалы шолу, көлденең кестені бақылау және көліктің өзі мен тіркеменің көрінбейтін жерлерін бақылау жүйесі енгізілген.
Ford Ranger Platinum көлігіне Еуропада тапсырыс қабылданып жатыр. Дей тұрғанмен, аталмыш пикаптың өндірісі тек келесі көктемде басталмақшы. Ал оларды жеткізу жаз мезгіліне жоспарланған. Ұлыбританияда Ranger Platinum-нің бағасы 44,4 мың фунт стерлинг (қазіргі бағам бойынша 25 млн теңге) тұратыны белгілі. Салыстырмалы түрде, пикаптың бастапқы нұсқасы 39,35 мың фунт стерлинг (22,2 млн теңге), ал қуаттылығы 292 а.к. болатын Ranger Raptor суперпикапының құны 48,3 мың фунт (27,2 млн теңге) болады.
Ford пикаптарды, соның ішінде «жеңіл жүк көліктерін» өндіруге көп көңіл бөледі. Өйткені олар ішкі нарықта да, Еуропада да жоғары сұранысқа ие. Биылғы қараша айының басында Ford өзінің ауыр пикаптарына сұраныс ерекше артып отырғанын хабарлады. Қазанның 27-сі мен қарашаның 2-сі аралығында 52 мыңнан артық алдын ала тапсырыс түскен. Сатып алушылар Еуропаның 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқышы бар көліктерден бас тартартпақшы екенін біле тұра, Ford-тың ІЖҚ-мен жабдықталған пикаптарын сатып алуды тоқтатпай жатыр.
Егор Васильев, корреспондент
01.12.2022, 14:00