Сарапшылар 2022 жылы табысқа жеткен автомобиль брендтерін атады
2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында автомобильдердің саудасы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеген.
Focus2Move сарапшыларының деректері бойынша, 2022 жылы 7,4 млн автомобиль сатқан Toyota Group ең табысты автомобиль бренді болды. Әрі бұл жапон компаниясының саудасына Hino Motors еншілесінің көрсеткіштері қосылмағандағы көрсеткіші екенін айта кеткен жөн.
Toyota-ның 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі саудасы былтырғы сәйкес кезеңдегіден 5,2%-ға аз. Сарапшылар мұны микрочиптердің тапшылығынан ғана емес, сонымен қатар ТМД (-60%) мен Солтүстік Америка (-16,3%) елдеріндегі сауданың айтарлықтай азайып кетуінен дейді.
Toyota Group-тың құрамына 17 ірі компания кіреді. Toyota автомобильдері мен құрамдастарын негізгі өндірушілермен қатар, холдингтің басқаруында Hino Motors (автобустар мен жүк көліктерін шығарады) және Daihatsu (шағын автомобильдер шығарады) компаниялары бар.
Әлемдегі саудасы бойынша екінші орында Volkswagen Group тұр. Ол 2022 жылы 5,8 млн автомобиль сатқан. Бұл былтырғы 9 айдағыдан 9,5%-ға аз.
Volkswagen Group-тың аймақтардағы саудасын бөліп қарайтын болсақ, ол тек Азияда (+4,4%) ғана өскенін байқауға болады. Ал Еуроодақта (-11.9%), Солтүстік Америкада (-18.9), Латын Америкасы (-17.4) мен Ұлыбританияда (-23,1%) керісінше әжептәуір төмендеген.
Volkswagen Group концерніне Volkswagen, Audi, Skoda, Bentley, Bugatti, Lamborghini және Porsche секілді автомобиль брендтер тиесілі.
Үшінші орында — 4,9 млн көлік сатқан Hyundai Motor Group. Бұл 2021 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегіден 10,5%-ға аз. Кореялық компанияның саудасы Азияда (-4.9%), Солтүстік Америкада (-11.9%) және Оңтүстік Америкада (-23.6%) төмендеп кеткен, бірақ Еуропада (+1.9) аздап өскен. Hyundai Motor Group-тың құрамына Hyundai мен KIA кіреді.
Ербол Казистаев, корреспондент
13.11.2022, 17:30