Қазақстанда тіркелген көліктердің саны қысқарып барады
Қазақстандағы көлік құралдарының саны 15 мыңға азайған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1 қазанында Қазақстанда көлік құралдарының жалпы саны 4,362 млн-ды құрады. Бұл қыркүйек айының басындағы көрсеткіштен 15,7 мыңға аз. 2022 жылдың қыркүйегінде елімізде 102,2 мың көлік құралы есепке қойылғанын айта кетейік.
Қазір отандық автопарктің денін жеңіл көліктер (87,8%) құрайды. Олардың жартысы шыққанына 20 жылдан асқандар, ал жаңа жеңіл автомобильдердің үлесі (3 жастан аспайтындар) небәрі 7,6%-ды құрайды.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда жеңіл көліктердің көпшілігі бензинмен (87,9%) жүреді, гибридтердің үлесі небәрі — 8%, ал дизель көліктер 1,9%-ды құрайды.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
28.11.2022, 12:30