Қазақстанда көлік несиесіне электрондық кезек іске қосылады
Электронды кезек желтоқсан айында жұмысын бастайды.
2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жеңілдетілген көлік несиесі бойынша бірыңғай электронды кезек іске қосылады, деп хабарлайды LS порталы.
Қазақстандықтар көлік несиесін ресімдеуге өтінімді онлайн беріп, кейін мәртебесін қадағалай алады. Сондай-ақ, электронды кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламамен жұмыс істейтін, өтінімді мақұлдайтын кез келген банкке жүгінуге құқылы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 4%-дық жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы 2022 жылдың 16 мамырында іске қосылды. Ол бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 100 млрд теңгені құрады. Бағдарлама револьверлік режимде жұмыс істейді, яғни несиені өтеуден түскен ақша жаңа қарыз беруге жұмсалады.
Өнеркәсіпті дамыту қорының есебі бойынша, бағдарлама 25 жыл іске асырылған жағдайда жеңілдетілген көлік несиесін қаржыландырудың жалпы көлемі 457 млрд теңгені (алғашқы 100 млрд теңгені қоса есептегенде, қайтадан қарыз беруге бағытталатын қаражатты қоса алғанда) құрамақ. Бұл ақшаға егер орташа чек 7,7 млн теңге болатын.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
29.11.2022, 14:00