Меню CARMA.KZ

Қазақстан қазан айында әлемдік көлік нарығының өсу қарқынына үлес қосты

Қазан айында әлемдік көлік нарығы былтырғы жылмен салыстырғанда 10%-ға, ал қазақстандық нарық 5%-ға өсті.

Қазақстан қазан айында әлемдік көлік нарығының өсу қарқынына үлес қосты / Фото: depositphotos
Қазақстан қазан айында әлемдік көлік нарығының өсу қарқынына үлес қосты / Фото: depositphotos

2022 жылдың қазан айында еліміздің автокөлік нарығы 5%-ға өсті, деп хабарлайды Қазақстанның автобизнес қауымдастығы.

Қауымдастықтың баспасөз хабарламасына сүйенсек, 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда 9 870 жеңіл және 865 коммерциялық жеңіл автомобиль сатылды. Бұл өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда, 4,9%-ға көп. 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында елімізде 97 737 бірлік жаңа көлік сатылды. Ал 2021 жылы 96 848 мың данасы (+0,9%) саудаланған.

Қазақстанда брендтер арасында Chevrolet сегіз ай қатарынан сұраныстың алдын бермей келеді. Бұл маркадан бір айда 3 137 бірлігі сатылған (2021 жылғы қазанға +22,2%), екінші орындаHyundai (2 072 дана, +22,1%) тұр. Kia үшінші орында — 1 408 бірлік (+63,5%), Chery қазан айында алғаш рет төртінші орынға көтерілді — 670 бірлік, Toyota бесінші орында — 665 бірлік және 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда, -36,4%-ға аз.

Алтыншы орынға қытайлық Exeed бренді (303 бірлігі сатылды) жайғасты. Жетінші орында Lada (299 бірлік, -70,5%), JAC (266 бірлік; -9,2%), Lexus (211 бірлік, +2,4%) және Haval (198 бірлік, +59,7%). Ал қазан айының қорытындысы бойынша, модельдер арасында Chevrolet Cobalt (2 мың 193 бірлік), Hyundai Tucson (976 машина) және Chevrolet Nexia – 729 бірлік көш бастап тұр. Сату кестесінде төртінші орынға Kia Ceed (484) көтерілді, бесінші болып Toyota Land Cruiser Prado (416 бірлік), Chery Tiggo 7 Pro (376 бірлік), Kia Sportage (264 бірлік), Hyundai Accent (264 авто), Hyundai Elantra (243 бірлік) және Kia k5 (227 дана) модельдері тұр.

Он айдың қорытындысы бойынша Chevrolet — 27 мың 622 бірлік (+10,7%), екінші жолда Hyundai 22 мың 435 бірлік (+15,4%) нәтижесімен көш бастап тұр, үшінші тұрған — Kia — 11 мың 135 сатылым (+41,8%) сатқан. Toyota төртінші жолда (7 мың 895 бірлік, -31%). Lada — 7 004 бірлік (+5%). Алтыншы орында Chery (3 122 бірлік) тұр. Ал үздік ондықты JAC — 2 мың 363 бірлік (+8%), Lexus (2 157 көлік, +44,2%), Renault (1 353 бірлік; -51%) және Exeed (1 214 бірлік) көліктері қортындылайды.

Бұл көрсеткіштер 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда, 2022 жылғы қазанда 10%-ға өскен, деп хабарлайды Autostat.ru ресурсы. Алғашқы 10 айда әлемде 7 млн 121 мың дана жаңа жеңіл және коммерциялық жеңіл көліктер сатылды. Бұл өткен жылғы қазан айындағы көрсеткіштен 10%-ға (6 млн 401 мың бірлік) артық. 2021 жылдың қаңтар-қазандағы нәтижеге (66 млн 981 мың) қарағанда, 2022 жылдың 10 айында небәрі 0,9%-ға 66 млн 593 мың автомобильге дейін төмендегенін көрсетеді, деп хабарлайды LMC Automotive консалтингтік компаниясының деректері.

Өткен айда Қытай автомобиль саудасы бойынша әлемдік көшбасшы болды. Ол 2 млн 504 мың көлік саудалаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 8,2%-ға көп. Бұл елде бес ай қатарынан оң динамика байқалып отыр. Бұған электрлі көліктермен қоса, ішкі жану қозғалтқышты көліктерге де қолдау шараларының қолданылуы ықпал еткендей. Америкада 1 млн 174 мың автомобиль сатылды. Бұл 2021 жылға қарағанда, 12,1%-ға артық.

Батыс Еуропа елдерінің автомобиль нарығы қазан айында 27,6%-ға, 860,9 мың көлікке дейін төмендеді. Шығыс Еуропа елдерінде автомобильдер саудасы 314,4 мың бірлікті (-20,4%) құрады. Оңтүстік Америкада жергілікті дилерлер 176,1 мың автокөлік сатты, бұл бір жыл бұрынғы нәтижемен салыстырғанда, 27%-ға аз. Әлемдік ірі көлік нарықтарының ішінде Жапонияны (274,7 мың дана, -31,8%), Канаданы (133,1 мың дана, -14,8%) және Кореяны (122,1 мың дана, -22,2%) атап өткен жөн.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
16.11.2022, 15:05