Меню CARMA.KZ

Қазақстан қай елдерге көлік экспорттайды

2021-2022 жылдары Қазақстан 6 елге автомобиль жеткізді.

Қазақстан қай елдерге көлік экспорттайды / Фото: AllurGroup
Қазақстан қай елдерге көлік экспорттайды / Фото: AllurGroup

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, Қазақстан 2021 жылы отандық өндіріс шыққан 12,1 мың және 2022 жылдың қаңтар-қазанында 8,7 мыңға жуық көлікті экпорттады.

Өткен жылдың тамыз және қазан айларында және 2022 жылдың қазанында экспорт көлемі жоғарылағаны байқалған. Ол кезде Қазақстан 1,9 мыңға жуық автомобиль жөнелтті.

Қазақстандық көліктерді импорттайтын бес ел бар: ол Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. 2021 жылы Әзірбайжан да солардың қатарында болды. Бірақ бұл елге өткен жылы 2 дана JAC көлігі (мамыр мен қыркүйекте бір-бірден) ғана жеткізілді.

Қазақстан көлік көбінесе Ресейге жеткізеді. Солтүстіктегі көршіге 2021 жылы 2,37 мың JAC көлігі және 4,46 мың Chevrolet экспортталды. Осы жылы JAC көліктерін Ресейге жеткізу көрсеткіштері бұрынғы деңгейінде қалып отыр. Қаңтар-қазан аралығында оның 2 мыңы экпортталды. Ал Chevrolet-ке келсек, қаңтарда 4 және ақпанда 5 көлік экпортталды. Одан кейін оны жеткізу мүлдем тоқтаған.

Қазақстан көліктерін импорттау бойынша екінші орында Өзбекстан тұр. Өткен жылы оларға 4,3 мың Hyundai және 216 JAC жеткізілді. Ал биыл Қазақстаннан Өзбекстанға Hyundai автомобильдерін жеткізу көлемі арты. Қаңтар-қазан аралығында осы марканың 6,09 мың көлігі экспортталды.

2021 жылы Қазақстан Беларуське 408 Chevrolet, 192 Hyundai және 8 JAC автомобилін жеткізді. Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында 196 Hyundai және 93 JAC көлігі экспортталды.

Қырғызстанға келетін болсақ, өткен жылы Қазақстан Chevrolet (120) және JAC (6) автомобильдерін жеткізді. Биыл бұл марка түрлері Қырғызстанға жеткізілмесе де, оның орнына 44 Hyundai көлігі экспортталды.

Өткен жылы Тәжікстан қазақстандық автомобильдерді импорттаушы елдердің тізімінде мүлдем болған жоқ. Биыл бір реттік жеткізу болған және ақпан айында 50 JAC көлігі экспортталды.

Бұған дейін сауда және интеграция министрлігі, 2022 жылы Қазақстан Орталық Азия елдеріне жалпы сомасы 166,6 млн долларға (76,9 млрд теңге) жеңіл көліктер жеткізгенін хабарлаған болатын.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
25.11.2022, 13:57