Меню CARMA.KZ

Назарбаевтың брондалған көлігі 25 млн теңгеге сатылмақшы

Хабарландыру беруші тұңғыш Президент мінген көліктің екінші иесі екенін айтады.

Назарбаевтың брондалған көлігі 25 млн теңгеге сатылмақшы / Фото: Kolesa.kz
Назарбаевтың брондалған көлігі 25 млн теңгеге сатылмақшы / Фото: Kolesa.kz

Оқ өткізбейтін Mercedes-Benz 600 SEL «ҚР тұңғыш президентінің көлігі» деген атаумен Kolesa.kz сайтына саудаға қойылған.

1993 жылы шығарылған Mercedes-Benz 600 SEL оқ өткізбейтін седаны 25 млн теңгеге ($64 мың) бағаланып отыр. Автокөлікке Continental дөңгелектері салынған. Көліктің салоны мен шанағы  жақсы сақталған. Седан 37 930 шақырым жүрген екен. Аталмыш көліктің бағасы сол кезде шығарылған ұқсас үлгілерден алты есе қымбат.

Хабарландыру авторы бұл көлікті 2008 жылы сатып алғанын айтады. Өз сөздерін растау үшін тіркеу базасынан скриншотпен қоса, Қазақстанның бұрынғы президентінің Mercedes көлігімен түскен мұрағаттық фотосуретімен растаған. Бұл фотосуретте брондалған автомобильде штандарт барын байқауға болады, ал қазіргі суретте алдыңғы қанаттары әдеттегі көліктердікіндей және тиісті бекітпелері жоқ.

Көліктің тағы бір артықшылығы ретінде B7 санатқа сай қорғауды атап көрсеткен. Нақтырақ айтсақ, салонның брондалған капсуласы Калашников автоматынан болат өзегі бар 7.62 калибрлі патрондармен және сол калибрлі броньды тесетін патрондармен оқ атылса төтеп бере алады. Жарнама авторы Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі көліктің екінші иесі болған соң, седанның жүрісі 29 жылдың ішінде бар болғаны 37 930 шақырымды құрайтыны ақылғы қонымды. 

Фотосуретке назар аударсақ, көлік жақсы күйде екенін байқауға болады. Автомобильдің түсі, ағаш безендірулері бар сұр түсті салоны және басқару жүйесі мен электрлі реттегіштері қатты тозбаған. Көлікке жүргізушіден бөлек тағы үш жолаушы отыра алады. Артқы оң жақта отырған жолаушы алдыңғы орындықты алға итеріп тастап үстел жая алады. Жылытқыш алдыңғы және артқы орындықтарда да қарастырылған. 

Дей тұрғанмен, «антиквариат» көлікке аз да болса қаржы құю қажет. Ескіріп қалған автомобиль терезелеріне (оқ өтпейтін брондалған көлікке жарамсыз) ерекше назар аударған жөн. 25 млн-ға сатылып жатқан Mercedes-Benz 600 SEL-дің капот астында атмосфералық 6,0 литрлік V12 M 120 қарастырылған. Көлікте 408 ат күші бар және айналу сәті 580 Нм және тартым 4 сатылы автомат арқылы артқы оське түседі.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
28.11.2022, 11:00