Меню CARMA.KZ

Корея елшісі Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды

Елші Қазақстанда Hyundai автомобильдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтті.

Корея елшісі Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды / Фото: Астана Моторс
Корея елшісі Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды / Фото: Астана Моторс

Корея Республикасы елшілігінің елші Ку Хонг-сок бастаған делегациясы Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барып, ол жерде автомобиль өндірісі — шанақ пен пластик бөлшектерді дәнекерлеу мен бояу және экстерьерін, интерьерін, шассиін құрастыру процестерін көріп қайтты.

«Астана Моторс — Қазақстанда Hyundai автомобильдерінің ұсақтораптық өндірісін енгізген алғашқы компания және ол брендтің дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Hyundai — сұраныс жоғары бренд, бұл өте қуантарлық жәйт. Дей тұрғанмен, індеттің салдарынан әлемде логистикада туындаған мәселелер әлі де өзекті күйі қалып отырғанын білеміз, және «Астана Моторс» осы қиындықтарды еңсеріп, қазақстандықтарға арнап көбірек автомобиль шығаруға бар күшін салып жатқанын түсінеміз», — деп мәлімдеді Ку Хонг-сок.

Ол Қазақстанда Hyundai автомобильдеріне сұраныс жоғары екенін атап өтіп, Алматыдағы кәсіпорында жұмыс істейтін кореялық инженерлерге індет кезінде көрсеткен қолдауы үшін «Астана Моторс»-қа алғыс білдірді.

Қазақстанның автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында елімізде сауда деңгейі бойынша Hyundai автомобильдері екінші орынды иеленді. 10 ай ішінде осы брендтің 22,4 мың көлігі сатылған, бұл 2021 жылдың 15,4%-ға көп.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.11.2022, 14:09