«КАМАЗ» 2023 жылдың ақпанында К5 жүк көліктерін қайта шығара бастайды
Компаниядағылар К5-ті «санкцияға ілікпейтін» құрамдастардан шығарамыз деп мәлімдеді.
Ресейлік «КАМАЗ» кәсіпорны жаңа буын К5 жүк көліктерін 2023 жылдың ақпанында қайта шығара бастайды. Ресейге салынған санкциялар қажетті құрамдастарға тапшылық тудырып, кәсіпорын уақытша ескі К3-терді шығарып келген болатын, деп жазады «БизнесOnline».
«Жалпы алғанда «КАМАЗ»-дың биыл жағдайы жаман емес. Өндіріс жоспарын төмендетпей келе жатырмыз. Модельдік қатарда аздаған өзгеріс болғаны рас. Әзірге К3 шоғырындағы ескі модельдерді шығаруға мәжбүр болдық. Бірақ ақпан айынан бізде санкцияға ілікпейтін және импортты алмастыратын К5 шоғырына жататын заманауи автомобильдер шығаруды бастаймыз. Оны жаппай — айына бір мыңнан шығаратын боламыз», — деп мәлімдеді «КАМАЗ»-дың бас конструкторы Сергей Назаренко «Автонет-2022» инновациялық көлік технолгияларының халықаралық онлайн-форумында.
Бұның Көкшетау қаласындағы «КАМАЗ-Инжиниринг» кәсіпорнына қатыстылығы әзірге белгісіз. CARMA.KZ редакциясы зауытқа ресми сауал жолдап қойды.
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының дерегі бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Көкшетаудағы «КАМАЗ-Инжиниринг» 899 жүк автомобилін шығарған+. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға аз. Ол кезде зауыт 1 15 көлік құралын шығарған.
Ербол Казистаев, корреспондент
03.11.2022, 15:46