Infinity-дің ресейлік дилерінде 100 шақты ғана көлік қалды
Автомобильдер соңғы рет 2022 жылдың наурызында жеткізілген болатын.
Жапонның Infinity бренді ресей нарығынан кететінін біраз уақыт бұрын жариялап та қойған. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуді сақтап қалған компанияның өкілдері көп ұзамай нарыққа қайта оралатындықтарынан үмітті.
«Российская газета» басылымының дерегі бойынша, Infinity-дің жергілікті дилерлерінің қоймаларында 100 шақты ғана автомобиль қалған. Олардың кейбірі 2021 жылы шыққандар. Ал Ресейге көлік соңғы рет 2022 жылдың наурызында жеткізілді. Автомобиль Мексика мен Жапониядан әкелінген.
Ресейде ресми түрде Infinity QX50 кроссовері мен QX55 кросс-купесін, сондай-ақ QX80 жол талғамайтын көлігін ұсынады. QX50 кроссоверінің құны 5 млн-нан 6,5 млн рубльге (37,8 млн-нан 49,1 млн теңгеге дейін) дейін барады. QX55 — шамамен 7,3 млн рубльдей (55,2 млн теңге), ал QX80 10 млн-нан 15 млн рубльге дейін (75,6 млн-нан 113,4 млн теңгеге дейін).
Орташа алғанда әр дилерде 5-10 Infinity көлігінен бар. Ең көбі Екатеринбургтегі компанияда, ол жерде 15 көлік тұр.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.11.2022, 12:06