Infiniti Ресей нарығынан кетеді
Жапондық премиум-бренд жергілікті нарықта 15 жыл жұмыс жасағаны үшін ресейліктерге алғыс айтты.
Infiniti-дің баспасөз қызметі компания Ресей нарығынан кетеді деген ойға жетелейтін жұмбақ хабарлама таратты. Компания жұмыс істеген 15 жылы үшін елдегі барлық сатып алушылары мен серіктестеріне алғысын білдірді.
Хатта компания оқырмандарға жапон тілінде: sayonara немесе «сау болыңыздар» деп айтып, ал өзіне itterasshai немесе «сәтті барып қайтыңыз» деп жауап қайыруды ишарат қылған, деп жазады «Автостат» басылымы.
«Автостат» деректеріне сүйенсек, 2022 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Ресейде 919 жаңа Infiniti автокөлігі сатылған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 41%-ға аз. Оған қоса, осы жылдың қаңтар-наурызда ай сайын 190-210 көлік саудаланған, сәуір айынан бастап бұл көрсеткіш 26-58 данаға дейін төмендеді.
Автокөлік нарығын талдау және мониторингілеу орталығының мәліметінше, елімізде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 214 жаңа Infiniti автокөлігі, ал 2021 жылы 460 автокөлік сатылған.
Ербол Казистаев, корреспондент
07.11.2022, 12:10