Hyundai-дың Volkswagen-ді басып озуының сыры неде
Volkswagen-нің бағдарламалық жасақтамасындағы қателіктер, сондай-ақ өнімнің мерзімінен кешігіп шығарылуынан көлік алпауытының бас директоры қызметімен қоштасты.
Volkswagen-нің бағдарламалық жасақтамасынан табылған қателіктер қоғамның назарын аударды. Газет беттеріне өнімнің кешігіп жатқаны туралы ақпарат тараған соң, Герберт Дисс бас директор қызметінен кетуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, автомобиль өндірушісі бәсекелестерден де артта қалып келеді. Bloomberg сарапшыларының пікірінше, өндірушінің көліктері қуаттау уақыты жағынан артта келеді.
VW ID.4 және Hyundai Ioniq 5 ― 77 киловатт-сағат (кВтсағ) аккумуляторлық нұсқалары үшін шамамен 50 000 доллардан басталатын бағасы бірдей көліктер. Бірақ ID.4 көлігін 200 шақырымға (124 миль) дейін қуаттау үшін екі есе көп уақытты қажет етеді. Бірақ бұл екі батареяның бірі — 20, екіншісі 10 минутта қуатталады.
Осыған байланысты Hyundai ұсынған инженерлік шешімдердің бірі ― 800 вольтты архитектураны енгізу болды. Бұл оның автомобиль батареяларына тоқты азайту арқылы жоғары қуатта электр қуатын тезірек жинауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл басқа көліктерге шектеуші фактор болуы мүмкін. Бір қызығы, Volkswagen Group 2019 жылы таныстырған Porsche Taycan көлігіне 800 вольтты жүйені енгізіп, басқалардан бұрын нарыққа шығарды. Дей тұрғанмен, оны бірнеше жыл басқа модельдерге енгізбеуді жөн көрді. Bloomberg сарапшыларының пікірінше, шығындарға байланысты қабылданған бұл шешімдері алдын ала ойланбағандықтан болуы мүмкін. BloombergNEF-тің ең жылдам қуаттау саласындағы соңғы зерттеуінде, 24 автомобиль өндірушісі 800 вольтты технологияны енгізгенін көрсетті. Соның ішінде Stellantis, Toyota Motor және General Motors, қытайлық Nio, Xpeng және BYD сияқты танымал ойыншылар бар.
Өткен жылы VW Power Day тұсаукесері кезінде басшылар 2025 жылдан кейін, кейбір көліктерге қатты күйдегі батареяларды енгізу жоспарлары бар екенін айтты. Олардың мақсаты ― 12 минут ішінде 10%-дан 80%-ға дейін қуатталатын көліктерді ұсыну. VW электромобильдері баяғы модельдер қатарына қарағанда, біршама көп қуатпен зарядталуы тиіс. Сондықтан болашақта 800 вольтты технологияны енгізуі әбден мүмкін. Қазір бұл технологияны азлитражды және қымбат емес көліктерге енгізу стратегиялық жағынан маңызы туралы пікірталастар жүргізіледі.
Tesla-ның бас директоры Илон Маск пен техникалық директор Дрю Баглино сәуір айында компанияның кірісі мен шығысы туралы сөз еткенде, Model 3 және Model Y-дің 800 вольтқа ауысуының артықшылықтары шектеулі және құны жоғары болады деп мәлімдеді. Тесла басқа көліктер 800 вольтты баламалармен, 400 вольтты жүйелермен жететін ұқсас зарядтау қуатына қол жеткізе алады. Алайда компаниялар өзінің 400 вольттық жүйелерінен одан артық мүмкіндікті бере ала ма, белгісіз, ал Маск пен Бэглино шынымен де 800 вольтты жүйе Tesla Semi және Cybertruck сияқты тек ірі модельдерге қарастырылып отырғанын айтты.
800 вольтты құрамдастар нарығы өсіп, автомобиль өндірушілер мен олардың жеткізушілері инновациялар енгізген сайын, шығындар алшақтығы азайып, 800 вольтты технологиялар нарықтың көп бөлігін иемденуі мүмкін. Жақында ZF Friedrichshafen, Schaeffler және Marelli сияқты компаниялар 800 вольтты құрамдастарды ұсынды.
Hyundai 800 вольтты технологияны енгізуге дайын болғанымен, электромобильдер нарығында алдыңғы кезекке шыға алмады. Бұл өндірушінің сұранысты қанағаттандыра алмауымен байланысты. Қазіргі жеткізу тізбегіндегі жағдайды ескере отырып, электромобильдердің көптеген модельдерін тез арада жеткізу қиын. Кейде сатып алушылар тіпті бір жылдан артық күтеді. Ауқымды өндіріс жасау, мықты бәсекелестік тудырады. Осы жағынан Tesla алға шығып отыр: соңғы 18 айда Еуропаға, АҚШ-қа және Канадаға шамамен 411 000 Y моделін жеткізген. Ал VW ID.4 100 000 дана және Hyundai Ioniq 5 56 000 бірлік жөнелткен. Бірақ Tesla-ның өндірісі де шектеулі болды. Бұл сату көрсеткішінің 18%-ы Еуропаға тиесілі.
Volkswagen-ді Ioniq 5-ке қарағанда, ID.4 көлігінің саудасы ұзағырақ өссе де, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында көрсеткіш айтарлықтай төмен болғаны алаңдатады. Нақтырақ айтсақ, АҚШ пен КанададаID.4 көлігінің небәрі 5300 бірлігі сатылған. Ал Ioniq.5-тің 17 200 данасы саудаланған.
Вадим Григорьев, журналист
27.11.2022, 22:00