Меню CARMA.KZ

General Motors Corvette негізіндегі суперкардың қашан шығатынын айтты

2023 және 2024 жылдары «Корвет»-тің екі гибрид моделі пайда болады.

General Motors Corvette негізіндегі суперкардың қашан шығатынын айтты / Фото: Дром
General Motors Corvette негізіндегі суперкардың қашан шығатынын айтты / Фото: Дром

Америкалық General Motors концерні Corvette базасындағы суперкардың қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.

General Motors басшысы Марк Ройс өткен демалыс күндері Нью-Йорктегі инвесторларға арналған таныстырылымында Corvette C8 гибрид нұсқасы жасалғанын растады.  6,2 литрлік V8 негізіндегі 600 ат күшіне тең бензоэлектрлік күштік қондырғысы бар Corvette Grand Sport көлігі 2023 жылы пайда болады. Ал 2024 жылы 850-күшті Corvette ZR1 моделі таныстырылмақшы.

«Корвет»-тің модельдер қатары әлі де кеңейеді. Corvette Zora — Corvette C8 буынының флагмандық моделі болмақ. Оған алғашқы Corvette Зора моделін жасап шыққан, Захария Аркуса-Дантованың есімі берілген. Аталмыш модель — 5,5 литрлік V8 қозғалтқыш негізіндегі 1000 ат күші бар супергибрид. Көлік нарыққа 2025 жылы шықпақшы. Бірақ америкалық өндіруші мұнымен де шектелмек емес. Ол Chevrolet Corvette C8 платформасында ең экстремалды суперкар жасағысы келеді.

Соңғы айтылған көліктің күштік қондырғысы мен қашан пайда болатыны туралы ақпарат әзірге белгісіз. Бірақ толығымен электрлі суперкар болуы әбден мүмкін. Биылғы мамыр айында General Motors гибридті толық жетекті Corvette C8 прототипінің қысқы сынақтарынан қысқаша бейнежазба көрсетті. Бірақ ол кезде жаңа модельдердің нарыққа шығатын мерзімі туралы тақырып қозғалмады. Онда бұл гибридтің қуаты шамамен 650 а.к. болуы керек еді, бірақ қазір бұл параметр 600 а.к. дейін төмендеді. Дегенмен, артқы оське бензин қозғалтқышы, алдыңғы оське электрлі тартым қойылғанына қарағанда, өндіруші көліктің толық жетекті болуына қарсы емес секілді.

«Корвет» — General Motors-тың әлемдегі жоғары сұранысқа ие модельдердің бірі. Сұраныстың жоғары болатыны соншалық, оны алыпсатарлыққа айналдырғысы келетіндермен америкалық өндіруші күресіп бағуда. Мысалы, тамыз айында GM өзінің ресми дилерлеріне айыппұлдар мен квоталар енгізу арқылы жоғары сұраныстағы модельдердерге, олардың қатарына Chevrolet Corvette Z06 суперкары да бар, алыпсатарлықты тосқауыл қоятынын хабарлады. Егер жаңа «Корветті» салоннан сатып алғаннан кейін 12 ай ішінде қайта сататыны анықталса, концерн дилерге сұранысқа ие модельдерді жеткізуді тоқтататынын ескертті.

Мұндай көлікті сатып алған адам зауыттық кепілдіктен айырылады. Бірінші жартыжылдықта АҚШ-та 17,5 мыңға жуық Corvette сатылған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 20%-ға көп. Аталмыш модель 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында GM суперкар шоғырындағы ең көп сатылған көлік болды. Ол тіпті арзан деп саналатын Camaro моделін (11 255 мың көлік сатылды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 14%-ға көп) басып озды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
21.11.2022, 17:24