Ford жаңартылған Escape-ті көрсетті
Кроссовердің жаңа нұсқасы америка нарығында 2023 жылы пайда болады.
Ford компаниясы жаңартылған Escape кроссоверін көрсетті. Ол соңғы рет 2019 жылы өзгеріске түскен болатын, деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.
Жаңа модель келесі жылы алдымен америка нарығында пайда болмақ. Ford Escape-тің америкалық нұсқасынан кейін, Ford Kuga брендімен сатылатын оның Еуропа нарығына арналған нұсқасы да жаңартылады. Жаңа модельдің сыртқы көрінісінен жарықтары мен радиатор торы өзгеріске түсті. Ал интерьері сол қалпы қалып отыр. Тек базалық жиынтығына 8-дюмдық сандық құралдар панелі қосылды.
Бірақ қосымша ақы төлеп, 12,3-дюмдық сандық панель мен смартфоннан Apple CarPlay және Android Auto-ға енуге болатын SYNC 4 мультимедиалық жүйеге тапсырыс беруге болады. Ford Escape және Ford Kuga-ның жаңартылған модельдерінде жүргізушіге электронды көмекші Ford Co-Pilot360 фирмалық кешені орнатылады.
Техникалық жағынан кроссовер өзгеріске ұшыраған жоқ: 8-сатылы автоматты беріліс қорабымен, алдыңғы және толық жетекті, екеуі де бензин: бірі — 184 ат күшіне тең 1,5 литрлік EcoBoost турбоқозғалтқышты және екіншісі 253 ат күшіне тең 2-литрлік нұсқасын таңдауға болады. Сондай-ақ Escape-тің жаңа модификациясында электромоторлы және вариаторлы, 167 ат күшіне тең 2,5-литрлік бензинді турбомоторлы екі гибрид нұсқалар қарастырылған.
Модификациясына байланысты, гибридтердің қуаты алдыңғы немесе толық жетек нұсқаларында 203 ат күшін немесе 224 ат күшін құрайды. Бұған дейін Ford F-Series Super Duty ауыр пикаптарының шоғырын таныстырған. Олардың жаңа модификациясы нарықта 2023 жылдың басында пайда болмақ. Алайда қазірдің өзінде оған 52 мыңнан астам алдын ала тапсырыс түскен.
Егор Васильев, корреспондент
14.11.2022, 15:34