Ford-тың жаңа пикабына алдын ала тапсырыс берушілер көп
Super Duty коммерциялық шағын жүк көліктеріне күн сайын 10 мыңдап тапсырыс түсіп жатыр.
Ford өзінің ауыр пикаптарына сұраныс ерекше артып отырғанын хабарлады. Қазанның 27-сі мен қарашаның 2-сі аралығында 52 мыңнан артық алдын ала тапсырыс түскен, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.
Ford F-Series Super Duty биылғы қыркүйек тің соңында таныстырылған болатын. Арада бір ай өткен соң Ford көліктің басты сипаттамаларын жариялады. Бізге таныстырылғандай, айналу сәті мен тіркеменің максималды салмағының ең жоғары көрсеткіші V8 қозғатқышымен жаңғыртылған 6.7 Power Stroke дизель нұсқасына ғана тән болып шықты. Дегенмен жаңа пикаптың 6,8-литрлік бензин қозғалтқышты нұсқасы да бар екенін айта кетейік.
Жүк платформасына мініп түсуді ыңғайлы ету үшін Ford артқы дөңгелектердің алдына аяқ салатындар, бамперде бұрыштық баспалдақтар мен борттарына ұстағыштар жасаған. Ауыр пикаптар бұрынғысынша бір, біржарым және екі кабиналы болуы мүмкін, бірақ интерьері айтарлықтай өзгертілген: Ford жүк көліктеріне дисплейі 12-дюймдық сандық панель мен 12-дюймдық тачскрины бар мультижүйе қосып отыр. Бұлар Super Duty-дің барлығында болады, тек XL-дың нобайлық нұсқасында ғана жоқ.
Сонымен қатар енді ауыр пикаптарда жазылмалы кресло болады. Панорамалық төбе, желдеткіші бар отырғыштар, 18 динамикалы Bang & Olufsen аудиожүйесі, түрлі түсті проекциялық экран, медиажүйе секілді опциялары бар.
Ерекше функциясы ретінде Pro Trailer Hitch Assist жүйесін атап айтуға болады: оны іске қосқан соң пикап ілініс қондырғысын өзі іздеп табады, тіркемеге қарай артқа беріп, онымен жалғанады. Көлік иесіне айнаға қараудың немесе рульді айналдырудың қажеті жоқ: процесс камераның бақылауымен автоматты түрде жүреді. Америкалық өндірушінің бірде-бір бәсекелесі мұндай опция ұсынбайды. Бұған қоса тағы бір ерекше опциясы бар — ол тіркемемен жүру үшін бейінделген навигация: көлік иесі жүйеге тіркемесінің салмағы мен көлемін жазады, ал арнайы бағдарлама тік бұрылыстар, төмен көпірлер мен жерасты жолдарын айналып өтетін бағдарды өзі түзіп береді.
Оған қоса Super Duty-дың заманауи электроникасы автопоезда тепе-теңдік сақталу үшін тіркемеге жүкті тиімді артуда кеңес беріп отырады. Міне, осындай жаңашылдықтардың барлығы жаңа пикапқа бұрын-соңды болмаған сұраныс тудыртып отыр. Тіпті Ford оның техникалық мән-жайын жарияламай жатып, көпшілігі 44 мың долар тұратын артқы жетекті базалық жүк көлігіне емес, дәл осы электронды көмекшілері бар толық жетекті нұсқасын алғысы келеді. Бесінші буын болып табылатын Ford F-Series ауыр пикаптары 2023 жылдың басында саудаға шығады. Ол нарыққа жаңартылған Chevrolet Silverado HD моделімен бір мезетте шыққалы отыр.
Бұған дейін Ford Motor Co. жаңа модельді шығару үшін Кентукки штатында орналасқан кәсіпорнына қосымша жұмыскерлер алып жатқаны айтылған болатын. Бұл өндіріс орнына 700 млн доллар инвестиция құйылды, әйтсе де F-сериясына жататын ең үлкен пикаптардың жаңартылған нұсқасы ішкі жану қозғалтқыштарымен шығатын болады. Биылғы жылдың басында электрлі F-150 қозғатқышын сынақ түрінде байқап көргенімен, нәтиже ойдағыдай болмады. Super Duty көбінесе құрылыс, кен қазу, апаттық құтқару жұмыстарына пайдаланады.
Егор Васильев, корреспондент
05.11.2022, 21:07