Audi логотипін жаңартты
Немістің көлік концерні үшөлшемді хромдалған эмблемасымен қош айтысты.
Audi компаниясы фирмалық логотипін жаңартты. Ол айқасқан төрт сақинаның пішінін қарапайым етіп өзгертті, деп хабарлайды «Коммерсант».
Немістің көлік өндірушісі үшөлшемді хромдалған эмблемадан бас тартып, жалпақ ақ-қара түсті логотипке көшті. Эмблеманың күңгірт түсті нұсқасы да бар, онда ақ түс күңгірт сұр түспен алмастырылған. Жаңа фирмалық стильді енгізу аясында Audi автомбильдері шанағының орталық тағандарында қандай модель және модификациясы туралы Audi Type қарпімен жасалған жазулар пайда болады.
Жаңа логотиппен алғашқы болып 2022 жылдың күзінде таныстырылған Audi Q8 e-tron, Audi Q8 Sportback e-tron және Audi SQ8 e-tron электрлі кроссоверлері шықты. Алдағы уақытта марканың басқа да модельдері осындай стильге көшеді.
Егор Васильев, корреспондент
15.11.2022, 19:03