Меню CARMA.KZ

Астананың автобус паркі 2023 жылы 300 электробус сатып алады

Астанадағы автобус тасымалының операторы қазір 3 инвестормен келіссөз жүргізіп жатыр.

Астананың автобус паркі 2023 жылы 300 электробус сатып алады / Фото: kolesa.kz
Астананың автобус паркі 2023 жылы 300 электробус сатып алады / Фото: kolesa.kz

Елорда әкімдігі жеке инвесторлар есебінен автопаркті қоғамдық көлікпен жаңартпақшы. Жоспар бойынша 2023 жылы 300 жаңа электробус сатып алады.

«City Transportation Systems» ЖШС қазіргі уақытта үш инвестормен келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңа электробустар автопаркті айтарлықтай жаңартуға, жаңа бағдарлар енгізу, аялдамаларда автобустарды күту интервалын қысқартуға мүмкіндік береді.

Астанада электробустардың нақты қандай моделін сатып алатыны әзірге белгісіз. Алайда, CTS олардың барлығы қазақстандық өнім болатынына сендіреді.

CTS мәліметінше, Астана автобус паркінде 100 электрлі және 20 гибрид автобус (дизель + электр) бар.

Өкінішке орай, бұл мәліметтер Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес келмейді. Олардың ақпараттарына сүйенсек, 2022 жылдың 1 қазанында Қазақстан бойынша небәрі 12 электробус бар. Оның 7-еуі Алматыда және қалған 5-еуі нақты қандай аймақтарда екені белгісіз. Ал Астанада электробустың бар-жоғы мүлдем көрсетілмеген.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
17.11.2022, 13:04