Астанада автотұрақтар 20 қарашада тегін болады
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қаладағы тұрақ ережелеріне қатысты құлақтандыру жасалды.
«Астана тұрақ кеңістігі» 2022 жылғы 20 қараша, сайлау күні қаладағы барлық көлік тұрақтары тегін болатынын еске салды.
Жұмыс күндері сағат 8: 00-ден 20: 00-ге дейін тұрақ құны сағатына 100 теңгені құрайды. Көлік құралдарының тоқтауы немесе тұру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК-ті (9 189 теңге) құрайды.
Астанада ақылы автотұрақтар 2018 жылдың қараша айында іске қосылды. Сол кезден бастап олар қала бюджетіне 2 млрд теңгеден артық қаржы түсірді. Соның 202 млн теңгесі тұрақ үшін төлем болса, ал қалғаны айыппұлдар, деп хабарлайды «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС.
Ақылы тұрақтар операторының айтуынша, Астанада автокөліктің орташа тұру уақыты 40 минутты құрайды.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
16.11.2022, 14:19