Меню CARMA.KZ

Toyota микрочип жетіспеушілігінен ақылды кілттің 1-еуін кәдімгі кілтпен алмастырады

Қазір жаңа Toyota сатып алған кезде жиынтықта 2 ақылды кілт беріліп жүр.

Toyota микрочип жетіспеушілігінен ақылды кілттің 1-еуін кәдімгі кілтпен алмастырады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Toyota микрочип жетіспеушілігінен ақылды кілттің 1-еуін кәдімгі кілтпен алмастырады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Toyota өкілдері микрочип тапшы екенін талай мәрте айтқан болатын. Алайда компания өзінің автомобильдеріне әлем бойынша үлкен сұранысты қанағаттандыру үшін екі ақылды кілттің бірін кәдімгі кілтпен алмастырмақшы.

«Жартылай өткізгіштер жетіспейтіндіктен, клиенттерге көліктерді мүмкіндігінше тезірек жеткізуге бағытталған уақытша шара», — делінеді Toyota мәлімдемесінде.

Қазір жиынтықта 2 ақылды кілт жүреді. Олармен есіктерді және жүк салғышты ашып, кілтті қалтадан шығармай-ақ көлікті оталдыруға болады. Жапон көлік өндірушісі енді жиынтықта осындай тек 1 ғана кілт болады. Дегенмен ақылды кілт бұрынғысынша жиынтыққа кіреді, оны кейін, жеткілікті көлемде болған кезде жеткізіп береміз деп отыр.

Toyota бұған дейін жылдық жоспарын қайта қарайтынын мәлімдеген еді. Компаниядағылар микрочиптердің жетіспеушілігіне байланысты, жоспарлаған 9,7 млн автомобильді шығара алмайтынын айтты.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
29.10.2022, 16:18