Меню CARMA.KZ

Renault Samsung танымал кроссоверінің гибрид нұсқасын шығарды

Жаңартылған XM3 моделі Кореяда және Еуропада таныстырылды.

Renault Samsung танымал кроссоверінің гибрид нұсқасын шығарды / Фото: Yonhap
Renault Samsung танымал кроссоверінің гибрид нұсқасын шығарды / Фото: Yonhap

Renault Samsung танымал XM3 кроссоверінің гибрид нұсқасын таныстырды. Автомобиль оған дейін Еуропада, ал 2022 жылғы қазанның 28-інде Оңтүстік Кореяда көрсетілді. Әзірлеушілердің айтуынша, гибрид XM3-да Формулы-1 жарыс автомобильдерінің ең жақсы жақтары қарастырылған.

Жаңа кроссовердің басты артықшылығы үнемшілдігінде — 100 шақырымға 5,8 литр отын шығындайды, өйткені автомобильдің аккумуляторы толық қуатталған жағдайда электрмен жұмыс істей алады, деп жазады Chosunilbo.

Көлік әзірге тек Еуропа мен Оңтүстік Кореяда ғана сатылады және сарғыш қызыл және көк түстермен ғана шығарылады. Автомобильдің құны 21,8 мыңнан 23,5 мың долларға дейін (10,2 млн-нан 11 млн теңгеге дейін) барады.

Renault Korea Motors 1994 жылы құрылған оңтүстіккореялық көлік өндірушісі. Қазіргі таңда компания акцияларының бақылау пакеті француздың Renault-сына, ал қалғандары Samsung Group-қа енетін Samsung Card компаниясына тиесілі.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
30.10.2022, 15:30