Қазақстанда дизельді Қызылорда облысында көп тұтынады
Дизель тұтыну көрсеткіші бойынша Қызылорда облысымен қатар Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары алда тұр.
Энергетика министрлігінің деректері бойынша, тұтас 2021 жылы Қазақстанда 5,3 млн тонна дизель тұтынған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп.
2021 жылы дизельді Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары көп пайдаланған. Ең аз тұтынған — Алматы, Швмкент және Қарағанды облыстары.
Осыған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда дизель өндірісінің деңгейі жыл сайын орташа алғанда 5 млн тоннаны құрайды. Алайда отын көрші елдерге әкетілетіндіктен тұтыну көлемі 6 млн тоннаға жетеді деп мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, дизель көрші елдердің шекаралас аймақтарына тасылады, себебі Қазақстанда отын біршама арзан. Сондықтан Энергетика министрлігі сараланған тариф енгізіп, ол бойынша шетелдіктер дизельдің литрін 450 теңгеден сатып алады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
13.10.2022, 11:55