Меню CARMA.KZ

Mercedes-Benz Бейжіңде Actros ауыр жүк тартқыштарын шығара бастады

Қытайдағы зауытта дөңгелек формуласы 6х4 үшосьті ершікті автотартпақтар құрастырылатын болады.

Mercedes-Benz Бейжіңде Actros ауыр жүк тартқыштарын шығара бастады / Фото: autohome.com.cn
Mercedes-Benz Бейжіңде Actros ауыр жүк тартқыштарын шығара бастады / Фото: autohome.com.cn

Mercedes-Benz-тың қытайлық компаниясы Бейжіңдегі зауытында Actros ауыр жүктер тартқышын шығара бастады.

Foton Daimler бірлескен кәсіпорнында қытайлық Actros-тар кабинасында екі жатын орны бар, дөңгелек формуласы 6х4, үшосьті болып шығарыла бастайды. Саудаға биылғы жылдың соңында түседі деп жоспарланған. Жерсіндірілген көліктердің алғашқы партиясен тапсырыс берушілер қараша айында алады.

Mercedes-Benz Аспанасты елінде дилерлік желісін де дамытуға инвестиция құймақшы. Неміс өндірушісінің жоспары бойынша 2022 жылдың соңына дейін ҚХР-дағы ауыр жүктерді таситын Mercedes-Benz көліктеріне қызмет көрсету және сату орталықтарының саны жүзге жеткізбек. Қытайға арналған нұсқасының сыртқы және техникалық жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ, тек бөлшектерінде аздаған өзгеріс болады.

Жергілікті журналистер болса, Қытайға арналған Mercedes-Benz Actros-та жеке, әлдеқайда үнемді кондиционері болатынын айтады. Сондай-ақ кабинасы екіжатын орындық етіп жасалады. Әдеттегі опциялар қарастырылған.

Қытайлық Mercedes-Benz Actros-тың қозғалтқышы 12,8 литрлік OM471 алты цилиндрлі турбодизельмен артқы екі оське байланған жетекті 12PowerShift 12-жылдамдықты автомат беріліс қорабымен жарақтандырылған. Жалпы Mercedes-Benz пен жергілікті Foton-ның бірлескен кәсіпорны 2012 жылы құрылғанын айта кету керек. Ол кезде Foton кабинасы мерседестікінен қатты ұқсайтын Auman ауыр жүк тартқыштарын шығарып жатқан еді. 

Неміс компаниясының өкілдері сол кезде қытайлықтар дизайнды ешқандай лицензиясыз ұрлап алды деп мәлімдеді. Сондықтан Mercedes-Benz не соттасуы немесе оны бірлескен өнім деп жариялауы керек болды. Неміс өндірушісі Қытайда 2020 жылдан бері өндірісін жерсіндіруді көздеп жүргендіктен, әрі ресейлік КамАЗ-бен ынтымақтастықты тоқтатқаннан кейін сол жылы-ақ құрастыруды бастап кетті.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
14.10.2022, 11:17