KIA Stinger моделін өндірістен алады
Көлік өндірушісі мұны 2023 жылдың сәуірінде жасағалы отыр.
Кореялық KIA көлік өндірушісі сұраныстың төмендігіне байланысты Stinger моделін өндірістен алып тастамақшы. Әрі бұл автомобильдің «ісбасары» да болмайды. Модель өндірістен 2023 жылдың сәуірінде алынады, деп жазады IXBT порталы.
KIA Stinger KIA-ның модельдердің арасындағы сұраныс өте төмен автомобиль болып отыр. Оңтүстік Кореяның өзінде 2022 сәуірінде бар болғаны 1,5 мыңы сатылған.
Stinger-ді шығарған өндірістік қуаттылықтарды KIA EV6 электромобилін құрастыруға икемдемекші.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
25.10.2022, 15:46