Isuzu «Соллерс»-пен арнайы келісімшартты бұзады
Ресейде ақыры жапондық өндірушінің шассиі бар көлік шығарылмайтын болды.
Жапондық Isuzu компаниясы мен «Соллерс» кәсіпорны РФ үкіметінің мақұлдауымен арнайы келісімшартты (АИК) бұзды, деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.
Ресейде «Соллерс» компаниясы мен жапондық Isuzu фирмасы алғашқылардың бірі болып арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан болатын. Тараптар 2018 жылы келісімге қол қойды. Құжат негізінде Isuzu мен «Соллерс» UAZ 2021 жылы нарыққа City бірлескен өнімін шығаруды жоспарлағанымен, ол жүзеге асқан жоқ.
Жобаның мақсаты — жалпы 4,96 млрд рубль инвестиция құйылып, Isuzu шассиі негізінде УАЗ-бен бірлесіп жоғары жерсіндірілген өнімді әзірлеу болды. Алайда өткен жылдың соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастырудың мәні жоқ деген қорытындыға келді.
2019 жылы Ресей үкіметі утильдік алымды өтеу ережесіне өзгеріс енгізді. Осы уақытқа дейін утильдік алым арнайы келісімшарт болған жағдайда кепілдендірілетін, ал кейін ол жерсіндіру деңгейіне байланысты болды. Оған қоса келісімшарт көліктердің ірі тораптарын жерсіндіру (мысалы, қозғалтқышты жерсіндіру) бойынша 2023 жылдан бастап күшіне енетін міндеттемелерді қарастырды. Бірақ қазіргідей санкциялар мен тізбектің бұзылуы жағдайларында оны іске асыру мүмкін болмай қалды.
Сонымен қатар, Isuzu арнайы келісімшартта қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланбағандықтан (РФ өнеркәсіп және сауда министрлігінде бұны расталды) және мемлекетке ештеңе қайтару қажет болмағандықтан, тараптар арасындағы қарым-қатынас жедел түрде үзілді. 18 қазанда арнайы инвестициялық келісімшарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Исузу Соллерс» ЖШҚ арнайы келісімшартын тоқтату туралы өтінішті мақұлдады.
Ульяновскідегі Isuzu зауыты 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Өткен жылы олар 5 мың дана көлік шығаратын қуатымен 3,7 мың көлік шығарды. Isuzu коммерциялық техникасының модельдік қатары жалпы салмағы 3,5 тоннадан 33 тоннаға дейінгі шасси, сондай-ақ D-Max пикаптарынан тұрды. Ульяновскіде 2022 жылдың көктемінен бері көктемінен бері көлік шығарылған жоқ. Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Isuzu Ресейде 531 жеңіл және коммерциялық жеңіл автокөлік саудалаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, тек 8%-ға аз.
Ресейлік «Соллерс Авто» автомобиль жасау тобының құрамына Ульянов автомобиль зауыты, Завольже мотор зауыты, Елабугадағы «Соллерс Форд» бірлескен кәсіпорыны (мұнда ресейлік Aurus люкс маркалы көліктер де шығарылады) және Владивостоктағы «Мазда Соллерс» үлестері кіреді. Биылдың қыркүйегінде «Соллерс Авто» компаниясының бас директоры Николай Соболев, компания қаңтарулы тұрған өндірістік орындарға жаңа жерсіндірілген бренд өндірісін шығаруға ниетті екенін мәлімдеді.
Егор Васильев, корреспондент
21.10.2022, 16:29