Меню CARMA.KZ

Ford жүргіншілерге арналған қауіпсіздік жастығына патент алмақшы

Компания жүргіншіні қаққан жағдайда соққыны жұмсарту үшін эйрбегтерді алдыңғы бампер мен радиатор арасына орнатпақшы.

Ford жүргіншілерге арналған қауіпсіздік жастығына патент алмақшы / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ford жүргіншілерге арналған қауіпсіздік жастығына патент алмақшы / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ford компаниясы АҚШ-тың патент және тауар белгісі ұйымына сыртқы қауіпсіздік жастықтарын патенттеуге өтінім берді, деп хабарлайды Motor.ru

Аталмыш патентте сыртқы қауіпсіздік жастығын автомобильдің алдыңғы торы мен бампері арасында орналастыратыны жазылған. Жастық ашылған кезде капотты толықтай, сондай-ақ бетпе-бет соқтығыс кезінде көп зақым келтіретін әйнек тазалағыштарды да жауып қалады. Америкалық көлік өндіруші жаңа қауіпсіздік жастықтарын шанақ құрылымына қарамастан кез келген санаттағы көлік құралдарына орнатуға болатынын айтады.

Ford мамандарының уәжінше, жаңа технология жүргіншілердің жарақат алу қаупін 40%-ға азайтуға мүмкіндік бермек. Шведтің Volvo өндірушісі мұндай жастықтарды сонау 2010 жылы орнатқан болатын, бірақ америкалық баламасынан айырмашылығы сол, шведтердің «жолаушыларға арналған жастықтары» көліктің капотын жаппайтын, тек капотты 10 сантиметрге көтеріп, алдыңғы әйнекті толығымен және алдыңғы біліктерді жауып қалатын.

Сол себептен де швед автомобильдеріндегі жолаушыларға арналған қауіпсіздік жастықтары капот астында орналасып, сағатына 10-нан 50 шақырымға дейінгі жылдамдықта іске қосылатын. Volvo кейін, 2013 жылы жүргіншілер эйрбагын тек V40 хэтчбэгіне ғана қалдырып, жаппай орнатуды доғара бастады. Оны апаттың, оның ішінде жүргіншіні қағудың алдын алатын электронды озық жүйемен алмастырды.

Сыртқы қауіпсіздік жастықтары капоттың астында емес, алдыңғы бамперге орналасуы қажет екеніне алғашқы болып көзі жеткен Ford болды. 2019 жылы немістің ZF Friedrichshafen AG көлік құрамдастыратын шығарушысы радиатор мен бампердің арасына жасырылатын сыртқы эйрбагтардың прототипін таныстырған еді. Алайда бұл жастықтар жүргіншілерді емес, ZF-тың осы жастығы орнатылған көлік екінші бір көлікті бүйірінен соққан жағдайда осында отырған жолаушыны ғана қорғайтын болып шықты.

Дей тұрғанмен биылғы қыркүйектің басында қытайдың Chery Automobile компаниясы өзгеше бір қондырғыны патенттеуге өтінім берді. Ол қондырғы — автомобильдің катапульталы отырғышы. Технологияны әзірлеушілердің айтуынша, «Автомобильдің алынып-салмалы катапульталы отырғышы» көлік соғылысқанға дейін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін жолаушыны жол-көлік оқиғасынан бұрын жоғары серпіп жібереді.

Қытайлық өнертабыстың әрі қарайғы тағдыры әзірге белгісіз, бірақ сарапшылар Chery Automobile-дің катапультасын әзірлеушілер бірнеше маңызды факторды қағыс қалдырған дейді. Мысалы, төбесі қатты автомобильдерде кресло-катапультаның қалай іске қосылатыны, тоннельдергі апат кезінде, егер көлік катапульталануға дейін аударылып кетсе не болады, және ең бастысы, жолаушылардың серпілуден кейін қайта орнына келуіне тәжірибе жүзінде көз жеткізілмеген.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
06.10.2022, 10:34