Депутат Қазақстандағы жолдардың сапасына күмән келтірді
Халықаралық жол сапасы рейтингісінде Қазақстан Танзания мен Кениядан кейінгі орында тұр.
Мәжіліс депутаты Альберт Рау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған ресми деректер еліміздегі жолдардың сапасы бойынша шынайы көріністі көрсетпейді деп санайды. Ведоство жергілікті жолдардың 80%-ы нормативтерге сай келеді деп көрсетеді. Алайда депутаттың айтуынша, бұл 80%-ға асфальт-бетон қабаты жоқ жолдар да жатқызылған.
«Жүргізілген талдауға сәйкес, жергілікті жолдардың тек 18 мың шақырымында немесе 26%-ында асфальт-бетон бар. Ал қалған 52 мың шақырым немесе жолдардың 72%-ы қиыршық тас, ұсақ тас және топырақпен жабылған. Министрлік жергілікті жолдардың 80%-ы нормаға сай деп қалай есептеп шығарды?» — деп Альберт Рау министрлікке Мәжілістегі үкімет сағатында сұрақ қойды.
Депутат жолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарап, қиыршық тастан, ұсақ тастан және топырақтан жасалған жолдарды сапалыға жатқызбау керек деп санайды. Осылайша біз жергілікті маңызы бар жолдардың шынайы жай-күйін біле аламыз.
Ол сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның деректерін келтірді. Оған сәйкес Қазақстан жол сапасы бойынша 141 елдің ішінде 91-ші орында тұр. Кения мен Танзанияның жолдары әлдеқайда сапалы болып шыққан.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
18.10.2022, 10:33