Aurus Rolls-Royce Cullinan-ның бәсекелесін жасады
Komendant кроссоверінің пилоттық партиясын биыл құрастырады, бірақ модель саудаға тек 2023 жылы шығады.
Ресейлік Aurus бренді Komendant кроссоверінің сериялық нұсқасын таныстырды. Модель 2019 жылдан бері сынақтан өткізіліп келген болатын, деп хабарлайды Autonews.ru.
Aurus — лимузин, седан, минивэн және жол талғамайтын көлік түрлерінен тұратын алғашқы ресейлік люкс санаттағы бренд. Жобаға мемлекет 12,4 млрд рубль (қазіргі бағам бойынша 93 млрд теңгеден астам) инвестиция құйған. Компанияның акционерлері — ФМУК «ҒАМИ» (63,5%), Біріккен араб әмірліктерінің қорғаныс, қауіпсіздік және даму қоры. Aurus автомобильдері Елабугадағы (Татарстан) зауытта шығарылады, биылғы шілдеде Татарстандағы зауытта Komendant моделін жаппай өндіріске шығаруға дайындық басталып кеткені хабарланды.
Сондай-ақ, Aurus брендінің өкілдері Ресейге импорттауға тыйым салынған құрамдастар мен материалдарды басқа жеткізушілерді тапқандарын айтты. Отандық нарықта Rolls-Royce Cullinan-ға балама болатын жаңа модельдің қыркүйектің соңында өткен тұсаукесерінде Aurus өкілдері Елабугадағы өндірістің жерсіндірілуі 2021 жылдың күзіндегі 53%-дан енді 70%-ға жеткенін хабарлады.
Компанияның ресейлік бөлшектерді жеткізушілерінің саны қазір 100-ден асады, осыған байланысты Елабугадағы желіні кеңейту жоспарлануда. Қазір Komendant-қа 2023 жылға арналған тапсырыстар жинақталып жатыр: биыл кроссовердің тек қана пилоттық партиясы құрастырылады, оған тапсырыс берушілер бар. Сериялық өндіріс келесі жылы басталмақ, люкс жол талғамайтын көліктердің шамамен қаншасы құрастырылғаны әлі жарияланған жоқ — бұл тұтынушылардың санына тікелей байланысты болатыны анық.
Жаңа модельдің бастапқы бағасы 33,7 млн рубльден (275,4 млн теңге) басталады, бұл Aurus Senat седанының бағасынан 3 млн рубльде арзан. Техикалық жағынан алғанда Komendant пен Senat ұқсас: екеуінің тұғыры бір, 598 ат күшіне тең 4,4 литрлік V8 қозғалтышынан тұратын күштік қондырғыға және 63-күштік электрлі мотор қондырылған тоғыз сатылы КАТЕ «автоматына» ие. Екі жағдайда да толық жетекті, бірақ седаннан бір айырмашыығы — кроссоверде пневматикалық аспа бар, ол қандай қозғалыс режимін таңдағаныңызға байланысты сұйықтықтық алмастырып отырады.
Komendant-тың жол жарығы 200-ден 260 миллиметр аралығына дейін түседі, ол өзінің габариттері бойынша Aurus-тың модельдері арасындағы ең ықшамдысы болғалы тұр: кроссовердің ұзындығы 5380 мм, дөңгелек базасы — 3100 мм, яғни бұл Senat-тан сәйкесінше 252 және 200 мм аз. Бірақ Komendant одан 131 мм-ге биік. Жабдықталған кездегі салмағы — 3235 кг, 6,5 секундта 100 шақ/сағ үдетеді, ал максималды жылдамдығы сағатына 220 шақырымға жетеді.
Кроссовер ішкі безендірілуі бойынша Senat седанымен бірдей болып келеді. сатып алушыға оның екі түспен, жеті түрлі безендірілу нұсқасы ұсынылады. Ал артқы отырғыштар қатары әдеттегі үш орындық немесе бөлек екі кресло түрінде де бар. Сонымен қатар өндіруші жеке тапсырыс берушінің талаптарымен жасауға дайын, бірақ ол түпкілікті бағасына әсер етері сөзсіз.
Егор Васильев, корреспондент
04.10.2022, 10:36