Audi 2033 жылға қарай ІЖҚ толықтай бас тартпақшы
2027 жылы неміс көлік концернінің барлық сегментінде электрлі көліктер болады.
Audi 2033 жылға қарай ішкі жану қозғалтқышымен жұмыс істейтін жаңа автомобиль өндірісінен толықтай бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Top Gear ресурсы
Неміс өндірушісі 2026 жылдан бастап өзінің жаңа жобаларында тек «жасыл» модельдер ғана болады деп жариялағанына қарамастан, игерілген модификациялардың өндірісі аясында ішкі жану қозғалтқышты автомобильдер шығарыла бермек. Audi ІЖҚ көліктерден 2033 жылы бас тартатын болады деді Audi-дің зерттеулер мен әзірлемелер бөлімінің жетекшісі Оливер Хоффманн.
Оның айтуынша, 2027 жылы неміс маркасының негізгі сегменттерінің барлығында да электромобильдер болады. Дәл осы уақытта Audi маркасын ұнататындарға «электрхэтч» ұсынылады. Хоффманн неміс компаниясы, оның ішінде 2019 жылы көктемде Шанхайда таныстырылған қала тұрмысына арналған AI: ME шоу-кары да бар, тиісті бірнеше концептіні әзірлеп қойғанын мәлім етті.
«Біз электрлі шағын көліктерге сұраныс жоғары екенін байқап отырмыз», — деп атап өтті неміс компаниясының өкілі.
Сонымен бірге электрлі көліктер қатарында марканың сыйымды универсалдарына ұқсас модельдер де пайда болады. Сондай-ақ Artemis жобасы аясында жасалған жаңа электромобильдер де шығарылады. Audi A8 моделінің электрлі нұсқасы болып табылатын ол, 2021 жылы қыркүйекте көрсетілген Grandsphere концептісінен біраз нәрсені алмақшы. Өндірісі 2026 жылға жоспарланған.
«Жаңа модельдеріміздің барлығын шығару жоспарын жүзеге асыру барысында біз 2033 жылы ішкі жану қозғалтқышты автомобильдерді сатуды тоқтатамыз», — деді Хоффманн.
Егор Васильев, корреспондент
22.10.2022, 13:45