Меню CARMA.KZ

Ақылы тұрақтар елорда бюджетіне 2 млрд теңге қаржы түсірді

Әйтсе де оның тек 202 млн-ы ғана тұрақтың төлемі, қалғаны — айыппұлдар.

Ақылы тұрақтар елорда бюджетіне 2 млрд теңге қаржы түсірді / Фото: gov.kz
Ақылы тұрақтар елорда бюджетіне 2 млрд теңге қаржы түсірді / Фото: gov.kz

Астанада ақылы тұрақтар 2018 жылдың қараша айында іске қосылды. Сол уақыттан бері олар қала бюджетіне 2 млрд теңгеден аса қаржы түсірген. Соның тек 202 млн-ы ғана тұрақтың төлемі болса, қалғаны — айыппұлдар, деп хабарлайды «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС.

«Астана тұрғындары ақылы тұрақтардағы жеке уақытын жоспарлауға жауапкершілікпен қарайтын болды. Тұрақтарға тоқтау немесе көлік құралдарының тұру ережесінің бұзылуы 30%-дан артық азайды. Нәтижесінде қала көшелерінде көліктің өту мүмкіншілігі артты», деп хабарлады «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі.

Ақылы тұрақтар операторының айтуынша, Астанада автомобильдің тұрақта орташа тұру уақыты 40 минутты құрайды.

Бұған дейін Астанада ақылы тұрақтарда кейінірек төлеу мүмкіндігі туды. Төлемді сол күні сағат 23:59 дейін жасау керек. Одан кейін айыппұл есептеледі.

Жаңа функция «Астана тұрақтары» мобильді қосымшасында және astanapark.kz сайтының жеке кабинетінде пайда болды. Кейін оны қазақстандық банктердің мобильді қосымшасындағы төлемдер қатарына енгізу қарастырылып жатыр, деп хабарлады «Астана тұрақ кеңістігі» баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ақылы тұрақтағы 1 сағаттың құны 100 теңгені құрайды. Жұмыс уақыты — қауырт күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тұрақ тегін.

Astanapark.kz порталының деректері бойынша, Астанада 6 098 орынға есептелген 346 ақылы тұрақ бар.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
29.10.2022, 16:35